Темір жол тарихы жайлы жаңа кітап жарық көрді

Темір жол тарихы
31.07.2025, 18:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Семей темір жолының тарихына қатысты тың туынды жарық көрді.

Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры, қоғам белсендісі Мақсұт Көшжановтың «Адам – керуен, өмір – жол» атты кітабы оқырманға жол тартты. 88 жасқа аяқ басқан ардагердің бұл кітабы Қазақстан темір жолының 120 жылдығына, Семей теміржолының 110 жылдығына және алдағы жылғы Түркістан-Сібір теміржолының 95 жылдығына арналыпты. Мемуарлық туындыда Қазақ темір жолына қатысты бұрын-соңды айтылмаған тың дүниелер мен құжаттық деректер мол. Кеңес дәуіріндегі теміржолшылардың жанкешті еңбегі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ерлікке пара-пар қызмет жайлы да кеңінен сөз болған. Өлке теміржолына өлшеусіз еңбегі сіңген Қаныбек Ержанов, Құдайберген Көпжасаров сынды танымал тұлғалар жайлы жылы естеліктер де айтылады.  

Құрметті теміржолшы Мақсұт ақсақал бұл кітабында өзі ұстаз тұтқан, әр жылдары Семей теміржолында бірге еңбек еткен кешегі Түрксіб құрылысын салған теміржолшылар мен басшылар, олардың бүгінгі ұрпақ үшін ертегіге бергісіз, үлгі тұтарлық ерен еңбектерін үлкен құрметпен еске алады.  

Шығыстағы сала қызметкерлері арасында танымал, жастар «Музей ата» атайтын Мақсұт Көшжанұлының бұл туындысы – сөз жоқ, тарихи тұрғыдан аса құнды еңбек. Кітап теміржолшылар қауымына, қазақ теміржолын зерттеушілерге, жалпы көпшілікке арналған. Тілі де тартымды жазылған, мұрағат құжаттары мен тарихи фотосуреттер де қоса берілген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды