Метоллоломнан табылған жез қоңырау

Темір жол тарихы
28.01.2026, 16:51
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде бір кездері пойыз қозғалысын хабарлаған жез қоңырау сақтаулы тұр. Ғасырдан аса тарихы бар жәдігер кездейсоқ табылған.  

Музей директоры Шамшат Әбдірзақов оны металл қабылдайтын орыннан тауып алыпты. Қоңыраудың бетінде «МПС» деген жазу бар.  

– Металлолом арасынан көненің көзі көзіме оттай басылды. Өткен ғасырдың алғашқы жартыжылдығында шыққан дүние деп болжам жасадық. Қандыағаш станциясы 1905 жылы ашылғанын білеміз. Көзкөргендер соғыстың алдында осындай жез қоңыраулар әр станцияда, пойыздар келіп кеткенде соғылып тұрғанын айтатын еді.  Бұл қоңырау сол кезеңдерде пайдаланылғаны сөзсіз, – дейді музей директоры Шамшат Әбдірзақов.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында орналасқан музей тарихи экспонаттарға бай. 2000 жылы ашылған мұражайда бүгінде 5600 астам жәдігер сақтаулы. Экспонаттардың басым бөлігін музей қызметкерлері өздері іздеп тауып, жинақтаған.

Музейдің Даңқ залында соғыс және еңбек ардагерлерінің фотосуреттері, жеке тұтынған заттары мен құжаттары қойылған. Сондай-ақ теміржолшыларға арналған арнайы бұрыш бар. Бұл бөлім түгелдей Қандыағаш станциясының тарихына арналған. Мұнда теміржолшылар әулеттері, бірнеше буыннан бері осы салада еңбек еткен династиялар туралы деректер мол жинақталған. Теміржолшылар күнделікті пайдаланған бұйымдар да қойылған.

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды