М. Тынышпаев пен Т. Рысқұловқа ескерткіш орнатылды

Темір жол тарихы
30.09.2021, 12:33
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Осыдан үш жыл бұрын Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына орай станциядағы теміржол вокзалының алдында қазақ халқының қос арысы Мұхамеджан Тынышпаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіштері ашылды. Ескерткіш демеушілер мен ұлы тұлғалардың бүгінгі ұрпақтары, жергілікті әкімдік көмегімен салынған және ескерткіштің Түлкібаста бой көтеруі заңдылық дер едік. Себебі, екі тұлғаның қазақ теміржолы, оның ішінде Түлкібас өңірімен байланысты өз тарихы бар. Тарихқа көз жүгіртсек, 1915 жылы Арыстан Түлкібасқа дейін темір жол құрылысын басқарған қазақтың тұңғыш теміржол инженері М.Тынышпаев пен жас Т.Рысқұлов алғаш рет осында кездесіп, танысқан екен. Тынышпаев оқуға жағдайы жоқ, бірақ білімге құштар жас жігітке қаражат тауып беріп, болашағына жол сілтеген деседі. Ал Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы басталмай тұрып жобаға тәжірибелі инженер және жергілікті жердің ой-шұңқырын, ерекшеліктерін жақсы білетін маман ретінде Тынышпаевты тартқан Тұрар Рысқұлов екені де белгілі. Қазақтың қос арысы Түрксіб құрылысында Шоқпар жобасын қалай қорғағаны, Алматы станциясының орнын таңдаудағы еңбектерімен тарихтан таныспыз. Жалпы Түлкібас өңірі Шілмембет руынан тарайтын Тұрар Рысқұловтың ата-бабасының қонысы екені де белгілі. Түлкібас вокзалының алдында тұрған қос арыстың ескерткіші, әрине, биік сәулет өнері болып табылмас, бірақ жергілікті халықтың арыстар рухына деген құрметі мен тағзымы деп білген жөн.

Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады