Семей шаһарындағы теміржол вокзалы барлық талапқа сай ма?

Аймақтар
29.07.2022, 15:34
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа облыстың орталығына айналған Семей шаһарындағы теміржол вокзалы барлық талапқа сай ма? Көркейту мен аумағын абаттандыру, ең бастысы жолаушылар үшін жасалатын қолайлылық қандай? Бұл жайында Абай облысы әкімдігі мен вокзал шаруашылығы басшыларының кездесуінде айтылды.

Жуырда жаңа облыс басшылығы алғаш рет Семей вокзалына келіп, ондағы іс-шаралар қатарымен, теміржолшылардың күнделікті қызметімен танысты. Лауазымды тұлғаларды қарсы алған Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары Азат Санмұратұлы алдағы атқарылатын жоспарлы шаралармен, осыған дейін жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Облыс басшылығы вокзал бекетінің күту залы, билет кассалары және вокзал перронында болып, қалыптасқан ахуалға қанықты. Бұл орайда әкімдік өкілдері алдағы уақытта тиісті ұсыныстар әзірлемек.  

– Облыс орталығына жолы түскен қонақтар ең алдымен вокзалға келеді. Теміржол бекеті мен автобекет қаламыздың айнасы іспеттес. Сондықтан ең алдымен қала қақпасы дұрыс болуы керек. Бірқатар мәселелер бар екен, оларды шешу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, – деді бұл орайда пікір білдірген Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрбол Нұрсағатов.  

Десек те, биылғы жылы салынғанына жарты ғасыр толатын, жалпы тарихы 108 жылды құрайтын вокзал қызметіне жолаушылар қауымы риза.  

– Ағымдағы жылғы вокзалдың 50 жылдық мерейтойына орай Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бірқатар іс-шараларды қолға алмақ. Соның ішінде, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бірінші кезекте тұр. Алдағы уақытта вокзал бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толықтай жағдай жасалып, брайль тақтайшасы, шақыру түймешіктері қойылатын болады. Яғни, атқарылатын жұмыстар көп алда, – дейді вокзал бастығы Есет Қажығұлов.  

Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылдың өткен маусым айынан бастап қолға алынуда. Сонымен қатар, теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай бірқатар межелі шаралар да ұйымдастырылатын болады. Бұйырса, жарты ғасырлық мерейтой қарсаңында баршаға жаңарған, заманауи талаптарға сай теміржол вокзалы қызмет көрсететін болады. Бұл орайда теміржолшыларға облыс әкімдігі елеулі көмек көрсетпек.

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды