Маңғыстауға модульдік үйшіктер жеткізілді

Аймақтар
21.02.2023, 09:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау өңірінің қатал табиғаты жергілікті теміржолшылар жұмысын қиындатады. Құм суырған шөл далада елсіз, сусыз жүздеген шақырымға созылған темір жолдың инфрақұрылымына күтім жасап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тіпті де оңай емес.

Әсіресе жал-жал құмдары теміржолды жиі басып қалатын Бейнеу бағытында еңбек ететін теміржолшылар мәселесі жіті көңіл бөлуді қажет етеді. Жыл он екі ай ашық далада, желдің өтінде жүріп жұмыс істейтін Бейнеу жол дистанциясының жұмысшылары үшін жол бойындағы бекеттерге модульдік үйшіктер сатып алып орнату жайы көптен бері сөз болып, шешімін таппай келе жатқан болатын. Міне, жақында бейнеуліктердің өтініш-тілегі қабыл болып, станцияға су жаңа модульдік үйшіктер түсірілді. Барлығы 15 данасы бір-ақ жеткізілді. Соңғысы өткен аптаның соңында келіп жетті.  

– Жаңа үлгідегі заманауи модульдік үйшіктер Бейнеу жол дистанциясының Сай-Өтес, Ақжігіт, Үстірт станциялары мен Теректі бекетіне бір данадан, Сағыр, Сәнкібай бекеттеріне екеуден, Сорша және Тоқсанбай бекеттеріне үш үйшіктен орнатылды. Алғашқылары өткен жылдың соңғы күндері жеткізіліп бастап, жақында қалғандары келді. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінен арнайы мамандар келіп ішіндегі бөлек құрал-жабдықтарын құрастырып, тиісті орынға орнатып, тоқ көзіне қосып кетті. Бейнеу-Тассай учаскесіндегі бекеттерде бұрыннан 10 орындық вагон-модульдер бар еді. Жаңа модульдік будкалар соларға қосымша ретінде қойылып жатыр. Ал Үстірт, Ақжігіт, Сай-Өтес сияқты станцияларда іссапармен баратын жолшылар үшін жағдай жасалмақ. Осымен модульдік үйшіктерге сұранысымыз толық өтелді, мұндай игілікке ие болған дистанция жұмысшылары да дән риза, – дейді жағымды жаңалықты бөліскен Бейнеу жол дистанциясындағы кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұстафа Қожбанов.  

Айтуынша, ашық далада еңбек ететін жолшылар үшін жұмыс кезінде демалып тынығып, ас ішіп, қона жататын бұл нысандардың ішінде адамға қажеттінің бәрі бар. Жуынатын бөлмеден бастап, теледидар, су жылыту құрылғысы, толық жабдығымен төсек-орындар, қысқатолқынды пеш, мұздатқыш, тазалағыш құралдарына дейін қарастырылған.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады