Атырау магистральдық желі бөлімшесіне модульді үйлер жеткізілді

Аймақтар
05.12.2023, 11:35
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекеме жұмысшылары үшін электр қазандықтарымен жылытылатын он жылыну қосыны жұмыс істеп тұр.

Биыл Компанияның жұмысшыларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау бағдарламасына сай жылыну пункттерін қайта жасақтау жүргізілуде. Атырау өңіріне бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана контейнер бөлінді. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылып, қазіргі уақытта теміржолшылар игілігін көруде.  

– Сонымен қатар өңірге модульді үйлер де жеткізіліп жатыр. Атырау жол дистанциясына – 13, Құлсарыға 4 осындай модульді үйшік жеткізілді. Олар Нарын, Махамбет, Қарабатан станцияларында және шағын бекеттерде орналастырылып жатыр, – дейді бөлімше басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаев.

– Онда жатын бөлме, ас ішетін, жуынатын бөлмелер, теледидар да бар. Күні бойына далада жүретін жолшылар үшін бұл жақсы демалыс орны болатыны сөзсіз.  

Жалпы алғанда, бұларға қоса аймақтағы 158 ғимарат, 18 вокзал мен 44 платформа қысты жақсы дайындықпен қарсы алуда. Барлық еңбек орындарында жылу тұрақты беріліп отыр.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады