Маңғыстау локомотив депосы паркінің қысқы маусымға дайындығы қандай?

Аймақтар
08.12.2023, 10:13
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолы бойынша жүк және жолаушы тасымалын тартым құралымен қамтамасыз етіп отырған Маңғыстау локомотив депосы паркінде бүгінде 58 тепловоз қолданыста. Олар күзгі байқаудан өтіп, қысқы маусымға сақадай сай дайындықпен келген.

Маңғыстау локомотив депосының жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Сабит Зияевтың айтуынша, бүгінде депода жүк тасымалы бағытында 37 тепловоз, маневрлік жұмыстарды атқаратын 15, жолаушылар тасымалына қызмет ететін 5 тепловоз пайдаланылуда. Бұл локомотивтер атқаратын функциясына байланысты өз ерекшеліктеріне ие екені белгілі. Мысалы, жолаушылар тасымалына қызмет көрсететін тепловоздарға «ЭПТ» – электр пневматикалық тежегіштер орнатылса, маневрлік жұмыстарға арналғандар бір секциялы, ал жүк вагондарын сүйрейтін локомотивтер қос секциялы.  

Биыл 45 тепловоз күзгі комиссиялық байқаудан өткізіліп, қысқы даярлығы жасалған болса, кейбір себептермен 13 теполовоз күзгі байқау тізімінен алынып қалған. Өйткені олар күрделі жөндеулерге және ұзақ мерзімге консервацияда тұруына байланысты бұл тізімге қосылған жоқ. Сондай-ақ тізімге енбеген тепловоздың тағы бірі есептен шығарылатын ТЭМ сериялы тепловозы екен.  

– Тепловоздарды қысқы мерзімге дайындау жұмыстары өз уақытымен атқарылып, тиісті жөндеулерден өткізілді. Локомотивтер қажеттілігіне қарай өзіміздегі және өзге өңірлердегі жөндеу деполарынан дайындығын алды. 2ТЭ10МК, ТЭМ сериялы 33 локомотив сырланып, жап-жаңа көрініске енді. Жақында ғана толық тексеріліп, осындай жөндеу-жаңарту жұмыстарынан шыққан тепловоздарымыз бүгінгі күні өз қызметін атқаруда. Дегенмен, темір болғасын бір күні болмаса, бір күні ақау шығуы әбден мүмкін. Ондай жағдайда Астанадағы «Қамқор Локомотив» диспетчерлерінен Мақат не Шалқар деполарына сұраныс алынады. Сол бойынша тепловоз ақау нөмірімен пойызға тіркеліп, жөндеуге жөнелтіледі. Маневрлік тепловоздарды Маңғыстаудағы «Ғасыр Маңғыстау» локомотив жөндеу депосына жібереміз. Осында табылған кемшіліктері жойылып, қайтадан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ тепловоздарға қыстық майлар да жергілікті жердегі ТҚК-2 жөндеу орнында құйылады, оларға еш шағымымыз жоқ, – дейді Сабит Зияев.  

 

Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді