Жамбылдық теміржолшылар мектеп түлектерімен кездесті

Аймақтар
30.05.2024, 10:05
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл ЖТ бөлімшесі  мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің мамандары Тараз қаласындағы №8 гимназиясын бітіруші түлектермен  және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Дәл қазіргі сәт – мектеп түлектері үшін болашаққа таңдау жасайтын аса маңызды кезең. Осындай шақта кәсіби бағдар берудің жастардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етері анық. Кездесуде Жамбыл локомотив пайдалану депосының 2-класты машинисі Ғани Серікбаев өз мамандығы туралы әңгімелеп,  мультимедиялық тәжірибелік сынақ көрсетті. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Назгүл Кекежанова, ПЧ-51 Жамбыл жол дистанциясының кадрлар жөніндегі менеджері Индира Қоңқашева теміржол саласында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін айтып, көпшілік сұрақтарына жауап берді.    

Ал ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары Азамат Найманов теміржолдағы жастардың қызығушылығын туғызатын мамандықтар туралы әңгімеледі.  

– Уақытпен бірге дамып келе жатқан теміржол – сенімді жұмыс орны және тұрақты табыс көзі. Салада ертеден келе жатқан мәнін жоймайтын кәсіптер көп, сонымен қатар логистика, цифландыру сынды болашақтың мамандықтары да пайда болуда, – деді Азамат Маратұлы.

Түлектерге кәсіби бағдар беруді көздеген жиынға Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі директорының оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тайбеков, арнайы пән оқытушысы Т.Ділдәбеков те қатысып, ата-аналарға оқу орнында оқытылатын теміржол мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.   Іс-шараны Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ұйымдастырды.  

Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты