Қыстың алғашқы сынағы

Аймақтар
14.11.2024, 09:09
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай, қыстың басы бірі ерте, біреуі жай» деп Абай суреттеген «кәрі құда» – қаһарлы қыстың алғашқы сынағы шығысқа келіп жетті. Теміржолшылар жұмысы күшейтіліп, қырағылық арттырылуда.  

Қарашаның екінші онкүндігінен бастап Семей өңіріне қар мен жаңбыр қатар жауып, одан соң ақ түтек боран соғып, соңы аязға ұласты.  Күннің күрт құбылуы жергілікті теміржолшылар үшін таңсық емес, әйтсе де биылғы қыстағы алғашқы емтиханды ойдағыдай өткізуге барын салуда. Алғы шепке қашанғы әдетпен жолшылар шықты. ПЧ-40, ПЧ-39 еңбеккерлері бағыттамалы бұрмалар мен түйіспе жолдарды, желі бойындағы құрылғыларды қатқан мұзбен қардан тазартуға кірісті. Түнгі мезгілде ауа температурасы күрт төмендеп, күн райы құбылмалы болып тұр. Ал «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ел шығысы бойынша биылғы қысқа жасаған болжамы көңіл көншітпейді. Табиғаттың тосын тартуларына даяр болу қажет.

Осы апта Жарма өңірінің теміржолшылары үшін біршама ауыртпашылық әкелді. Жаңғызтөбе станциясында қарлы боран бос тұрған вагондарды теңселтіп, теміржолшылар тосын жайттың алдын алу үшін бірқатар шараларды қолға алды. Жергілікті қозғалысшыларда бұл бағытта мол тәжірибе бар.

Қарашаның 11-нен бастап арнайы қар тазалағыш жол машиналары да жұмысқа кірісті. Әсіресе Риддер, Шемонайха, Күмістау сынды Алтай тауының баурайында, шалғай орын тепкен станцияларда қарқынды жұмыс істеуде. Қазіргі таңда қар түскен қумажолдар мен жол айрықтары тазартылу үстінде. Бұл бағытта ПЧ-37 жолшылары ұйымдасқан түрде күш жұмылдырып жатыр. Желі бойындағы жүк және жолаушы тасымалы бойынша пойыз ағынына кедергі жоқ.  

Жалпы, магистраль бойын, бағыттамалы бұрмаларды тазалау және оларды қар мен боран кезінде тиімді пайдалану үшін арнайы техникалар, жол машиналары бөлімше бойынша ұтымды орналастырылған. Сондықтан негізінен таулы аймақ саналатын Өскемен өңірі бойынша қар тазалау қарқынды жүргізілуде.  

Биылғы қатал маусымға даярлық барысында аталмыш техникалардың 13 бірлігі толыққанды әзірленген еді. Сол тәрізді ағымдағы жылы арнайы тепловоздар бекітілетін ФРЭС-2, ЭСО-3 типтегі заманауи қар жинағыштар да сынақтан сәтімен өткізілген. Сонымен қатар  бөлімшедегі СМ-2, СМ-7Н, СМ-5, ПСС-1 сынды қар тазалағыш техникалармен қар жинағыш пойыздардың да тиімділігі зор болмақ.    

– Біз күзгі комиссиялық бақылау кезінде қысқа даярлық барысын бірінші кезекте пысықтадық. Қажетті техниканың барлығы жұмыс жағдайында тұр. Байтақ желі бойындағы қар алып қалуы мүмкін күрделі аумақтар назарда, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің директоры Алмас Сейсемқанов.

Айтпақшы, қыстың алғашқы аязды күні тоқсанаралық тексеру жұмысының басталуымен дөп келді. Сол себепті  985 шақырымды құрайтын телімнің бойы тағы бір мәрте сүзгіден өткізілуде. Әуелгі кезекте Жаңа-Семей станциясы тексерілді. Сосын 119 шақырымды қамтитын «Солтүстік тармақ» Семей-Локоть теліміндегі барлық шаруашылықтардың жұмысы қаралуда. Тексеру іс-шаралары екі аптаға созылып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.  

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды