Абай тойына дайындық

Аймақтар
24.01.2025, 09:05
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы еліміз бойынша бірқатар айтулы шаралар атап өтілетіні белгілі. Соның бірі қазақтың ұлы ойшылы, хакім Абайдың 180 жылдығы кең көлемде тойланбақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында сөйлеген сөзінде айтып өткен болатын.

Семей топырағында туған Абай тойы ең алдымен семейліктерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соның ішінде «Театр киімілгіштен басталады» демекші, қаланың бас қақпасы вокзалдың талапқа сай болуы шарт. НЖС-6 – Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежановтың айтуынша, осы орайда тек Семей емес, байтақ желі бойындағы теміржол нысандары мен вокзалдарды абаттандыру, қайта жаңғырту жұмыстарына айрықша басымдық берілетін болады.  

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылы бастау алған. Жергілікті «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС жыл соңына дейін бөлімшеге қарасты 22 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізіп, әр кіргізді. Қазіргі уақытта аталмыш нысандардағы жұмыстар толығымен аяқталды. Енді тек күтіп ұстау, абаттандыру, тұрақты түрде тазалық шараларын жүргізіп тұру ғана қалып отыр.  

Сол тәрізді ҚР Көлік министрі М.Қарабаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, мамандандырылған жобалау ұйымы облыс әкімдігімен бірлесіп Семей вокзалының ғимаратын қайта жаңғыртуға, сонымен қатар Өскемен-1 теміржол бекеті және Түрксіб құрылысының туындысы саналатын Аягөз вокзалын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үстінде. Яғни жолаушылар нөпірі көп қоғамдық орындардың жайлылығы мен сыртқы әрленуіне баса мән берілетін болады.  

Осыған дейін облыс басшылығы мен Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығы Айдын Мақсұтбекұлы бастаған топ Семей вокзалы маңында көшпелі кеңес өткізіп, аймақты абаттандыру жоспарын пысықтаған болатын.  

Бұл шаралардың сыртында семейлік теміржолшылар жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экоакциясын өткізуді биыл да жалғастырмақ. Шағын станциялар бойынша көшет отырғызу, желі бойының қос қапталына сенбілік ұйымдастыру сынды былтырғы жұмыстар жалғасын табатын болады.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты