Теміржолшылар – тазалықтың ұйытқысы

Аймақтар
17.03.2025, 10:53
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Құрметті теміржолшы Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосының қызметкерлері өз аумақтарын ұқыпты ұстауды дәстүрге айналдырған. Депоның жұмысшы-қызметкерлері ұйымдасқан түрде сенбілікке шығып, өздеріне бекітілген аймақты тазартты.

Теміржолшылар үшін мұндай іс-шаралар тек экологиялық тазалықты қамтамасыз етумен шектелмейді, бұл олардың ұжымдық рухын нығайтып, ортақ іске деген жауапкершілігін арттыра түседі.

Көктемгі жаңару тек табиғатта ғана емес, қоғам өмірінде де үлкен өзгерістерге себеп болады. Бұл әсіресе айналамызды таза ұстауға бағытталған сенбілік жұмыстарынан айқын көрінеді. Наурыз айы басталғалы Қазалы вагон пайдалану депосының теміржолшылары ұжымдық тазалық шарасына қатысып, Әйтеке би кентіндегі Абдраман Елубаев көшесінен бастап қазақ қорымына дейінгі аумақта сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Теміржол желілерінің қауіпсіз әрі таза болуы – тек жолаушылар мен жүк тасымалы үшін ғана емес, жалпы аймақтың экологиялық жағдайына да тікелей әсер етеді. Осыны жақсы түсінетін теміржолшылар өздеріне бекітілген аумақты үнемі күтіп ұстап, тазалық шараларын ұдайы ұйымдастырады.

– Теміржолшылардың бірлігі – тазалықтың кепілі, сенбілік – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың көрінісі. Депо теміржолшыларының жылдағы үрдісі бойынша биыл да тазалық жұмыстарына ұжымдастар жұдырықтай жұмылып кірісіп кеттік. Бұл жолғы сенбілікке қатысқан 20 теміржолшы арнайы құрал-жабдықтармен (күрек, айыр, тырма, қап, қолғап) толық қамтамасыз етіліп, ауызбіршілікпен аумақты күл-қоқыстан тазартты. Жиналған қалдықтар арнайы көлікке тиеліп, қоқыс полигонына жөнелтілді. Бұл жұмыстардың барлығы қоршаған ортаны таза ұстауға деген ұжымдық жауапкершіліктің айқын белгісі. Сенбілік-ұжымдық рухты нығайтуға да үлкен септігін тигізеді. Ортақ мақсатқа бірігу, тазалық жұмыстарын бірге атқару – әріптестер арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, жұмысқа деген жауапкершілікті арттыра түседі. Әрбір сенбілік барысында қызметкерлер тек еңбек етіп қоймай, өзара тәжірибе алмасып, тату-тәтті орта қалыптастырады. Сенбілік кезінде теміржол маңы мен станция аумағы қоқыстан тазартылды, жасыл желек күтімге алынып, жаңа ағаштар отырғызылды, платформалар сырланып, абаттандырылды. Біздің депоның теміржолшылары-тазалықтың ұйытқысы болып үнемі өзгелерге үлгіболып келеді.Тазалық жұмысы жыл бойы жалғасатын болады,-дейді ұжымдастары алдында есеп беріп цехком төрағалығына бір ауыздан сайланған Бақытжан Ибраймов.

Теміржолшылар үшін тазалық пен тәртіп-жұмыстың негізгі қағидаларының бірі. Олар аймақ тазалығының үлгісі ретінде тек пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамға да үлгі бола білетін азаматтар. Бұл дәстүрлі сенбілік шаралары тек белгілі бір уақытпен шектелмейді, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Қазалы вагон пайдалану депосы теміржолшыларының биылғы көктемдегі осы бастамасы- аймақ тұрғындары үшін үлкен өнеге. Қоршаған ортаға деген жанашырлық, ұжымдық тазалық мәдениеті- қоғамдағы жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Теміржолшылардың бұл еңбегі жас ұрпаққа экологиялық сана қалыптастыруға және туған жерді таза ұстауға деген ынтасын оятуға ықпал ететіні сөзсіз.

Сенбілік- бұл бір күндік шара емес, өмір салтына айналатын игі дәстүр. Қазалы теміржолшылары бұл бағытта белсенділік танытып, аймақ тазалығына үлес қосуын жалғастыра бермек!

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл