Оқушылар депоға экскурсия жасады

Аймақтар
21.04.2025, 15:20
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз қаласындағы №41 орта мектептің оқушылары «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының Тараз локомотив жөндеу депосына экскурсия жасап, сала мамандарының жұмысымен танысты.

Бұл – Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің өндірістегі әлеуметтік әріптестерімен бірлескен жобасы. Мақсат – жас жеткіншектерге кәсіптік бағдар беру.

– Көбінде колледжге оқуға түсуге 9-сынып оқушылары келетіні белгілі. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік-техникалық, жұмысшы мамандықтарға грант көп бөлінеді. Ал 9-сыныптан кейін грант иегері атануға мүмкіндік жоғары. Сондықтан біз жыл бойы мектептерді аралап, жас жеткіншектерге кәсіптік бағдар беріп отырамыз. Мектеп – колледж – жұмыс беруші: үшжақты келісім бойынша өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастырамыз. Бүгінгі оқушы – ертеңгі колледж түлегі, болашақ теміржолшы, – дейді колледж директорының оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары Жеңіс Тайбеков.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сай өткізілген танымдық сабаққа 9-сыныпта оқитын 20 оқушы қатысты. Экскурсия барысында жас жеткіншектер кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс саласындағы мамандықтар туралы мол мәлімет алды. Депо мамандары оларға өз  мамандықтары туралы әңгімелеп, маңыздылығын түсіндірді.

Жалпы танымдық экскурсиялар оқушыларға болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға көмектесетіні анық. Жасөспірімдерге еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туады.

Статистикаға сүйенсек, оқушылардың 70 пайызы мамандық таңдай алмайды екен. Ал болашақ бағытыңды айқындап, белгілі бір кәсіп иесі атану үшін келешекте қандай мамандарға сұраныс артатынын біліп алу артықтық етпейді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады