Арыс теміржол торабы жаңартылған соң вагон айналымы 20 пайызға артты

Аймақтар
30.05.2025, 08:51
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс – бүгінде облыстық маңызы бар қала статусына ие. Қалада теміржол шаруашылығы саласына қатысты құрылымдық бөлімшелер мен көптеген өндірістік мекеме, кәсіпорындар шоғырланған. Бес мыңнан астам теміржолшы еңбек етеді.

Өткен жылы Арыс станциясындағы «Д» паркі қайта қалпына келтіріліп, іске қосылғаны мәлім. Нәтижесінде, станцияның өндірістік көрсеткіші мен вагон өңдеу көрсеткіштері күрт жоғарылаған. Аталған парктегі №24-27 нөмірлі жолдың тақ жүйесіндегі 4 жол мен «Е» сұрыптау паркіндегі №81-88 жолдың 8 жолы қалпына келтіріліп, осындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тіпті ағаш шпалдар темірбетонды шпалға, содан кейін Р-50 рельстері Р-65 рельстеріне ауыстырылған. Сол сияқты ауыр техникалар көмегімен сұрыптау паркіндегі 5,4 шақырым жолға темірбетонды шпалдар төселіп, №2 бағыттағыш бұрмаға дейінгі аралықтағы 850 метр жол жөнделіп, 14 жинақ бағыттағыш бұрма жаңартылған. Оған қоса 6 дана вагон жылдамдығын баяулатқыштар мен СБЗПУ желісі, бағдаршамдар мен ішінара кейбір бағыттағыш бұрмалардың бөлшектері де ауыстырылған. Осылайша, «Д» мен «Е» паркі толық жарықтандырылуы нәтижесінде жұмыс өнімділігі артып, өндірістік жарақат алу көрсеткіші де күрт төмендеген.  

Жалпы, Арыс-1 станциясының сұрыптау дөңесіндегі жұп жолды қайта қалпына келтірудің алғашқы кезеңі осылайша іске асырылған.

Нәтижесінде станцияның вагон айналым көрсеткіші едәуір жоғарылаған. Айталық, бұрын станцияның тәуліктік пойыз өңдеу әлеуеті 98 болса, қазіргі кезде 116 жұпқа, яғни 18 жұп пойызға артқан. Бұл көрсеткіштің 20 пайызға көтерілгенін айғақтайды.  

– Негізінен, Түркістанға шығар жол бойындағы іргелес станцияларда жүк пойыздарының кезектен тыс тұрып қалуы қысқарып, «А» паркіндегі тақ жолдардың бос еместігіне байланысты маршруттық бағдаршамдар алдында пойыздардың кідірісі де азайды, – дейді бүгінде станция бастығының орынбасары Эдуард Дербісов.  

«Бір нәрсе екінші нәрсеге себепші болады» демекші, жоғарыдағы «қысқару» мен «азаюдың» әсері орташа тәуліктік көрсеткіш бойынша 9 тонна дизельдік отынның қысқаруына септігін тигізген. Өйткені тәулігіне 5-6 пойыз қабылдайтын парктегі бағдаршам тұсында әрбір тепловоз 15-25 минут еріксіз аялдауға мәжбүр болады екен. Сала мамандарының айтуынша, станцияға жүк вагондары негізінен 3 бағыт бойынша – «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Шығыстан» келеді. Ал сұрыптау паркіндегі бір ауысымдық жұмысқа 7 тепловоз бен 2 электровоз жұмылдырылады. Қазіргі кезде Түркісіб, Ақтоғай, Орск бағыты бойынша қосымша пойыздар қалыптастырылып, Алтынкөл бағыты бойынша фитингтік-бос вагондар бағыты жасақталуда.  

Осылайша, Түркістан облысы аумағындағы ең үлкен сұрыптау паркінің жылдың алғашқы тоқсанындағы вагон айналымының тәуліктік орташа көрсеткіші 7 243 вагонды құрап, жоспар 101,5 пайызға орындалған. Ал пойыз қабылдау 71 пойызға, ал жөнелту 73 пойызға тең түсіп, пайыздық көрсеткіштің орташа деңгейі 108%-ке жеткен.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты