Арыстық жолшылар ойлап тапқан баспалдақ

Аймақтар
20.06.2025, 09:23
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясы жолшыларының игілігінде 17 түрлі техника бар. Олардың 6-уы арнайы жабдықталған көлік болса, 4-уі тасымалдауға арналған ауыр жүк машиналары. Дистанцияда еңбек ететін үш жүзден астам жолшы 500 шақырымға жуық жолдың күтімін жасап отыр.

Көлік болған соң – сынбай, темір болған соң – тозбай тұрмайтыны белгілі. Десек те, сол техникалардың істен шыққанын қалыпқа келтіруде шапшаңдық пен шеберлік жүргізушілер үшін үлкен сын. Себебі, техниканы жылдам әрі сапалы жөндеу арқылы қатарға қосу біршама жауапкершілікті қажет етеді. Әрине, оның сыртында қауіпсіздік қағидасын қаперден шығаруға болмайды.  

Арыстық жолшылар осы істің орайын тапқандай. Олар ойлап тапқан ауыр жүк көлігінің дөңгелегіне арналған баспалдақ – мамандардың айтуынша, жұмыс өнімділігін арттырудағы тапқыр шешімнің бірі ретінде бағаланып отыр.  

«КамАз» көлігінің жүріс бөлігі мен қорабы да, тіпті қозғалтқышы да жүргізуші кабинасының астында орналасқаны баршамызға белгілі. Ал енді оны оңдап, жөндеу үшін немесе май, суын тексеріп күтіп-баптау үшін әлгі кабинаны көтеріп, адам астына кіруі қажет. Ал бұл әрекет қауіпсіз деп ешкім айта алмайды. Одан бөлек алдыңғы дөңгелектің үсті арқылы раманың ортасында орналасқан қозғалтқышқа қол жеткізу біршама қолайсыздықтар туындататыны өз алдына. Ол аздай нұсқаулық бойынша «КамАз»-ды күтіп-баптау мен жөндеп, оңдау жұмыстарына кемі 2 адамның қатысуы қажет. Шымкент матистралдық желі дирекциясы бастығының бірінші орынбасары Жомарт Мырзабеков бастаған бір топ жігіттер өзара ойласып, кеңесе келе дөңгелекке арналған басқыш-баспалдақ жасап шығарған. Үстіне екі адам шыққанда иіле қоймайтын металл конструкциядан жасалған басқышты тік тұрған дөңгелектің төбесіне кигізе қойғанда құдды бір баспалдақ па дерсің!.. Ал оны қолдану кезіндегі қолайлылық траекториясы мен тиімділігі өз алдына. Тіпті, екінші маманға да қажеттілік туындамай, бір адамның өзі алып жүк көлігін жөндеп-түзеуді оп-оңай жалғастыра береді. Яғни, кабина көтеріліп, биіктігі 125 сантиметрді құрайтын дөңгелекке кигізілген басқышқа адам шыққанда көлік қозғалтқышының бұлтарыс-қалтарысына дейін қол оңай жететін қолайлылық туындайды. Бұл кезде жөндеушінің жұмыс өнімділігі артады. Сонымен қатар, ыңғайсыз жағдайда еңкейіп, иілуден қорғап, жөндеушінің беліне физикалық күш түсуден сақтайды. Өз кезегінде бұл жүргізушіні шаршатпай, ұзағырақ өнімді еңбек етуге мүмкіндік береді.  

Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Асылханұлының айтуынша, негізінен идея авторы Жомарт Сырлыбайұлы. Ал идеяны іске асырған ПЧ-54 мекемесінің инженер-метрологы Данияр Шалқарұлы бастаған бір топ жүргізушілер мен слесарь, механик мамандар. Олардың бірі металл дәнекерлесе, енді бірі сырлап, тағы бірі сынақтан өткізіп, дөңгелекке арналған баспалдақтың кемшін тұсын жетілдірумен айналысқан.  

Жалпы, жоба туралы біршама уақыт айтылғанымен, кәсіпорында қолданысқа мамыр айынан бастап енгізілген. Оның себебі, жобаның сәуір айында Жол және құрылыс департаментіндегі техникалық кеңес мүшелерінің талқылауынан өтіп, оң бағасын алумен тікелей байланысты көрінеді. Осылайша, рационализаторлық ұсыныс оң қорытынды алып, авторға қаржылай сыйақы бөлінген және ПЧ-54 мекемесінде сәтті жүзеге асырылған.  

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?