Семей станциясы топ жарды

Аймақтар
15.07.2025, 08:28
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру мен дамыту мақсатында жоспарлы іс-шаралар жиі өткізіледі. Әсіресе танымдық мәні зор семинар-тренингтер маңызды орын алады.

Қазіргі таңда бөлімше аумағында өткізіліп жатқан техникалық дәрістер мен семинарлардың тақырып ауаны мен әдістемелік тәсілдері әр алуан. Негізінен күн тақырыбынан түспей келе жатқан еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шаралары басты орында тұр. Дегенмен күнделікті қызметте өзекті болуы себепті өндіріс барысында жасанды интеллектіні қолдану, басқару жүйесін автоматтандыру сынды мәселелер де кеңінен қамтылуда.  

Бұл орайда бөлімшедегі Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімі мамандарының айтуынша теміржол саласындағы цифрландыру ісі бойынша біліктілікті арттыруға баса ден қойылуда.  

Мәселен осыдан біраз уақыт бұрын еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын сақтауда жұмыс орындарындағы жасанды интеллектінің рөлі және цифрлық сауаттылықтың маңыздылығы бойынша өткізілген айтулы семинар-тренинг сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сондықтан болса керек, қатысушылардың қызығушылығы да жоғары болды. Жүлдеге кәсіподақ ұйымының демеушілігімен қомақты қаражат тігілген болатын. Семинарға қатысушы қозғалысшылар қауымы намысқа тырысып бақты. Нәтижесінде осыған дейінгі жинаған білім-білігі мол командалар 50 мыңнан 20 мың теңге аралығындағы ақшалай сыйлықтарды өзара бөлісті. Жеңімпаздарды бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен филиалдың бас инженері Ерғазы Ережепов салтанатты түрде марапаттады.  

Ынталандыру жоғары мұндай сайыстар өзара тәжірибе алмасып, мамандардың білмегендерін толықтыруда берері мол екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.  

Дәл осындай сайыс түріндегі аймақтық семинар-тренинг апта сәрсенбісінде Семейдегі теміржол колледжінде де болып өтті. Арнайы шараға желі бойындағы станция қызметкерлері жиналған болатын. Тасымал бойынша ақпараттық жүйені автоматтандырудағы іскерлік дағдыны шыңдауға арналған сайыс қозғалысшылардың біліктілік деңгейін де анықтап берді. Олай дейтініміз, көктемгі комиссиялық байқауда барлық көрсеткіш бойынша үздік атанған кластан тыс Семей станциясы семинар-тренингке қатысушы 5 команданың ішінде айқын басымдықпен бас жүлдені жеңіп алды.  

Бұл ретте бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов бастаған қазылар алқасы қатысушылардың «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы бойынша білімдерін сарапқа салған болатын.  

Семинар-тренинг барысында маневрлік локомотивтердің нақты жүктемесін бағалау, деректерді өңдеудің сенімділігін арттыру, адам факторының әсерін азайту, станция жұмысындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сондай-ақ жалпы өнімділікті арттыру мәселелері жан-жақты түрде қамтылды.

Іс-шарада сонымен қатар Жаңа-Семей, Өскемен-1 және Шемонаиха станцияларының теміржолшылары да зор белсенділік танытты.  

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде