Түлектерге кәсіби бағдар берілді

Аймақтар
21.07.2025, 10:28
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қайда жұмысқа орналасуға болады? Біліктілікті арттыру үшін қандай курстарды оқыған дұрыс? Осы секілді сұрақтардың жауабын біліп, бағыт алу үшін мектеп бітірушілерге ғана емес, колледж, жоғары оқу орындарының түлектеріне де кәсіби бағдар керек.

Жақында ғана дипломдарын қолға алған түлектер және ата-аналарымен Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде кездесу өтті. Жиында Тараз көліктегі оқу орталығының директоры Лашынкүл Күзербаева жас мамандарға кеңес берді.  

Кездесуге негізінен «Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» (біліктілігі: локомотив машинисының көмекшісі) мамандығы бойынша бітіруші түлектер қатысты.  

Лашынкүл Күзербаеваның айтуынша, орталықта бітіруші түлектер машинист көмекшісін дайындаудың 10 айлық курсын оқи алады.  

– Оқу бағдарламасы бойынша кәсіптік білім алудың, колледжде алған білімді практикада шыңдаудың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында еңбек ете алады. Қазіргі кезде жұмысқа орналасуға өтінім беру, құжат қабылдау автоматты түрде электронды жүйеде жүргізіледі, - деді Тараз көліктегі оқу орталығының директоры.  

Лашынкүл Рахымқызы жүргізуші көмекшісін даярлаудың 10 айлық бағдарламасының мазмұны, оқу шарттары, оқуға түсу талаптары және курсты аяқтағаннан кейінгі мансаптық перспективаларына тоқталды. Түлектер аталған бағдарлама бойынша оқуға қызығушылық танытып отыр.

 

Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы