Қырағылық – кәсібилік белгісі

Аймақтар
29.07.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс вагон пайдалану депосы Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша аймақтағы вагон шаруашылығының қозғалыс қауіпсіздігін сақтайтын жалғыз мекеме болып табылады. Оның құрамында 6 техникалық қызмет көрсету пункті мен 12 бақылау бекеті және 6 ағымдағы ағыту-жөндеу қосыны бар. Кәсіпорынның қызмет көрсету бағытындағы кепілдік иіні 2 578 шақырымды құрайды.

Вагон қараушының негізгі міндеті – жылжымалы құрамнан ақаулы вагонды анықтау болып табылады. Соңғы жылдары депо мамандары кінәраты бар вагондарды анықтауда едәуір жетістікке жетіп, түрлі қауіп-қатердің алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. Айталық, жуырда ғана Түлкібас техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Дәурен Тілешов №2234 пойыздың құрамындағы №58771973 вагонның бүйір рамасынан жарық анықтады. Сол мезетте-ақ жауапты мамандарға хабар беріліп, жылжымалы құрамнан ақаулы вагон ажыратылып, жөндеу пунктіне жіберілген. Егер вагон қараушы өз ісіне ұқыптылықпен қарап, осындай қырағылық үлгісін көрсетпесе, жол-жөнекей тосын жағдай орын алып, орны толмас зардап-шығынға соқтырар ма еді, кім білсін?!.  

Иә, қырағылық та кәсібилік белгісі. Ал ВЧД-30 басшылығы мамандар біліктілігіне жіті көңіл бөледі. Жұмысшылардың басын жиі қосып, техникалық сабақ өткізу тұрақты түрде жолға қойылған. Айталық, өткен айда ғана «Үздік вагон қараушы» тақырыбымен техникалық байқау-сайыс өтіп, оның қорытындысы бойынша Түркістан ТҚКП-нің вагон қараушысы Асқар Ғалымжан үздік маман ретінде танылды. Арыс вагон пайдалану депосының бас инженері Ғалымжан Байзақов мұндай шара аясында жұмысшылардың кәсіби біліктілігі мен білімін көтеру көзделетінін айтады.  

Вагон қараушылардың білім-білігі мен тәжірибесіне жіті көңіл бөлудің нәтижесінде бүгінде кәсіпорынға қарасты аумақтарда қандай да бір олқылықтарға жол берілмей келеді. Керісінше, қызмет көрсету аймағында стратегиялық маңызы жоғары Сарыағаш мемлекетаралық тапсыру станциясында жұмыс ырғағы бәсеңдемеген. Айталық, соңғы 6 ай ішінде аталған станциядан 4 288 пойыз өткізілген болса, соның ішінде 4 030 пойыз ақаусыз қабылданған және ағымдағы ағыту-жөндеу пункттерінен депо бойынша 2 841 вагон жөнделіп шығыпты. Кәсіпорынның өндірістік көрсеткіші өткен жылға қарағанда едәуір жоғарылаған.  

Жалпы, 180-ге жуық жұмысшының басын қосып отырған кәсіпорын ұжымы алғашқы жартыжылдықта 25 923 пойызды бақылаудан өткізген. Сондай-ақ УЗОТ құрылғысымен 600 км жол білікті мамандардың қатысуымен тексеріліп, қауіпсіздік кепілдемесі берілген.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды