Еңбек ұжымының мүддесі бәрінен жоғары

Аймақтар
29.08.2025, 11:42
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі салалық кәсіподақ комитетінің қызметі ұжымдағы еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік қолдау көрсету және мәдени һәм бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыру сынды бірнеше бағыттарды қамтиды. Бұл ретте соңғы уақыттары жүйелі түрде жұмыс жүргізіліпті.

Атап айтсақ, жыл көлеміне жуық уақыт бойы әлеуметтік сала, спорт, қайырымдылық, ұжымдық шарт аясындағы жұмыстарға баса мән берілген.

Жергілікті кәсіподақ белсенділері тарапынан ауқымды шаралар атқарылды. Жұмыс барысы жиі талқыланып, болашақ жоспарлар да бағдарланып отырады. Мәселен өткен сәуір айында НОД-ЖТ кәсіподақ комитетінің есепті-сайлау конференциясы өтіп оған «ҚТЖ – ЖТ» филиалы кәсіподағының төрағасы Ермек Төлегенов арнайы келіп қатысқан болатын.  

Жалпы «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтың айтуынша, әсіресе спорт саласы бойынша жұмыстар қарқынды. Бұл ретте түрлі біріншіліктер тұрақты өткізілуде. Жергілікті спортшылар кәсіподақ қолдауымен еліміздің әр түкпіріндегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр.  

Бөлімше теміржолшыларының бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты айналысуы үшін өткен жылдың соңында 1 млн 696 мың теңгеге түрлі спорттық құрал-жабдықтар алыныпты. Қазіргі күні спортзал қайта жаңартылды.  

Жылдағы дәстүрге сай кәсіподақ кубогы мен жаңашыл бастама - кәсіподақ саласының ардагері Алик Досановты еске алу турнирін өткізу де жолға қойылған.

Әлеуметтік салада да жұмыс қарқынды. Мәселен, өткен жылы түрлі себептер бойынша өтініш білдірген кәсіподақтың 81 мүшесіне қайырымдылық көмек жасалыныпты. Оның сыртында қымбат бағалы операциялар мен дәрі-дәрмектер алу үшін және емделуге 1 514 500 теңге қаржы берілген. Жалпы, кәсіподаққа көмек сұрап жүгінген барлық теміржолшылар өтініштері қанағаттандырылған.

Әлбетте, бұл шаралардың сыртында тыл еңбеккерлеріне азық-түлік кәрзеңкесі тарту етіліп, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер мен Тәжік шекарасын күзеткендерге, ардагерлер қауымына арналып мерекелік дастарқан да жайылған.

Тағы бір мәселе - бөлімшедегі мәдени-рухани шаралар өткізу. Бұл ретте кәсіподақ ұйымы Абай хакімнің 180 жылдық мерейтойына орай 80 адамға "жыр Меккесі" Жидебай жеріне танымдық сапар ұйымдастырыпты.  

Кәсіподақ белсенділері ұлы ақынға арналған, тамыздың 1-і мен 10-ы арасындағы он күндік шаралардың да бел ортасында жүрді. Соның нәтижесінде болар, теміржолшылар командасы «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойынында "Ең креативті команда" аталымын жеңіп алып, ақшалай жүлдені қанжығаға байлады. Сайыстарға қатысқан бірқатар спортшылар  бас жүлдені еншіледі. Хакім мерейтойына арналған іс-шаралар легі кәсіподақ бастамасымен әлі де өткізілуде.

Сондай-ақ желі бойындағы барлық мекемелер өкілдері арасында "Өнерлі теміржолшы" байқауы алғаш рет ұйымдастырылып, әуесқой жаңа дарын иелерінің танылуына да кеңінен жол ашылды. Олар бөлімше көлемінде өтіп жатқан Наурыз, көлік қызметкерлері күні тәрізді барлық мерекелік іс-шараларда өнер көрсетуде.

Әсіресе, көпбалалы теміржолшылар балаларына қамқорлық көрсетуде жанды жұмыстар бар. Балдырғандар былтыр да, биыл да Астанада саяхаттап қайтты. Сол тәрізді осы аптада ғана дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында бірінші сынып табалдырығын алғаш аттайтын 192 балақайға оқу құралдары салынған арнайы сөмке мен тәттілер табыс етілді.  

Бүгінде Семей теміржолындағы салалық кәсіподақ қызметінің бағыты айқын, жұмысы жүйелі. Бірлікке, еңбекті қадірлеуге, кәсіби білім мен адалдыққа және көптің игілігі үшін қарекет етуге үндейтін Абай өсиетіне сай нәтижелі қызмет етуде.

 

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды