Қысқа әзірлік қарқынды жүргізілуде

Аймақтар
16.09.2025, 08:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында алдағы қысқы маусымға даярлық шарасы үлкен қарқынмен басталып кетті. Бұл ретте Астанадан жеткен №482ЦЗ бұйрығы аясында Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқановтың тікелей назарға алуымен қыркүйектің 8-ші жұлдызынан бастап қысқы маусымға даярлықтың стандарты бойынша қауырт жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы қазан айының 10-шы жұлдызы күні толықтай аяқталуы тиіс. Ал оның жүргізілу барысы осы айдың 17-і күні басталып, келергі айдың 3-і күні аяқталатын күзгі комиссиялық бақылау барысында қатаң түрде қадағалауға алынады.  

Міне, осынау орайда бөлімшеге қарасты материалдық-техникалық жабдықтау базаларындағы қоймалар, өндірістік үй-жайлар, гараждар, сонымен қатар қармен күреске қолданылатын техникалар толықтай талапқа сай етілуде.  

Ал осыған дейін арнайы киім, жол машиналары үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар, құрал-аспаптар алынып, қамданыс жасалды.  

Қазіргі таңда қысқа даярлық шараларын пысықтайтын арнайы топ құрылып, желі бойында жүйелі жұмыс жүргізуде. Комиссия төрағасының орынбасары, Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов желі бойындағы бүгінгі күнге дейінгі атқарылған шараларды пысықтауда.  

Қазіргі күні нақтылағандай, бөлімшедегі материалдық-техникалық жабдықтау базасы қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар желі бойында қолданылатын техникалар саны да жеткілікті. Осы орайда желі бойындағы тораптық станциялардағы көмірмен қамту мәселесі бірінші кезекте назарға алынған. Арнайы техникалық көмір қоры жасақталуда. НЖС-6-ға қарасты 234 үймерет әзірлік шараларының соңғы кезеңінде тұр. Тек Семей, Аягөз бен Шар станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалап, ширату қажеттілігі туындауда. Құрылыс барысы белгіленген кестеден кешікпеуі қажет. Жол шаруашылығындағы нысандарға ерекше көңіл бөлінген. ПЧ-39, ПЧ-40 және ПЧ-42 мекемелеріне қарасты нысандар жазғы мезгілде жөндеуден өткізілді. Теміржолшылардың жылыну үйшіктері қайта жаңартылып, жолшыларға қажетті техникалық жабдықтар да жаңаланған. Мәселен, пневмообдувкалардың 366 бірлігі тастүйін дайын. Ендігі аралықта желі бойындағы шаруашылықтар мен мекемелердің қысқа даярлық жұмыстары Аягөз, Шар мен Семейде өтетін тораптық жиындарда жеке қаралатын болады. Қазіргі уақытта қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды, арнайы киімдерді жеткізу, жетпегенін толықтыру іс-шараларын жүргізуде.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды