Еңбек құқығының бұзылуына жол жоқ

Аймақтар
07.11.2025, 08:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде теміржолшылардың құқығын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту, компанияның әлеуметтік бастамаларын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте кадр бөлімі мамандары мен салалық кәсіподақ тарапынан айтарлықтай іс тындырылған.

Десек те, еңбек қатынастары бойынша кейбір құқықтық мәселелер әлі де өзекті. Жуырда семейлік теміржолшылар Астанадан арнайы келген компания омбудсмені Қанат Әлмағамбетовпен кездесу өткізді. Жиынға бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов, Семей магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежанов, кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен кадр бөлімінің мамандары және желі бойынан келген жұмысшы мамандар қатысты.  

Басқосу барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс орындары жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің заңды құқықтарын қорғау жайлы сөз қозғалды.  

Өз сөзінде компания омбудсмені Қанат Есмұханұлы теміржолшылардың ел экономикасын көтеру мен көлік-логистика саласындағы маңызды рөлі жайында айта келіп, жергілікті еңбеккерлер тарапынан көтерілген кез келген өзекті немесе даулы мәселелерді шешуде қолдау көрсетуге даяр екенін жеткізді.  

Жалпы, ел шығысындағы теміржол саласындағы ұжымдық ахуал қалыпты. Сотқа дейін апаратын жанжалдар жоққа тән. Оның бір себебі – еңбеккерлер мүддесі бірінші орынға қойылады. Соңғы айлар бойынша еңбек даулары мен жалақы бойынша арыз-шағым тіркелмеген. Ал әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрап келген азаматтарға салалық кәсіподақ тарапынан жәрдем көрсетілуде.  

Бұл орайда НОД-ЖТ кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова мен НЖС-6 бөлімшесінің кадр бөлімінің бастығы Данияр Баймағұлов түсінік беріп өтті. Жиын барысында желі бойынан жиналған теміржолшылар бірқатар мәселелер бойынша сауалдарын жолдап, әлеуметтік қорғауды жандандыру, еңбек Заңнамасы жайлы пікір ұсыныстарын да білдірді. Ардагерлер атынан Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры Мақсұт Көшжанов сөз алып, компания омбудсменіне жергілікті теміржолшылар атынан алғыс білдірді.  

Сонымен қатар Қанат Есмұханұлы бөлімше еңбеккерлерінің жұмыс орындарын аралап көріп, қалыптасқан қызметтік ахуалмен танысты.  

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды