Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда

Аймақтар
10.04.2026, 09:20
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қатал қысты артқа тастаған Маңғыстау вагон пайдалану депосы көктемгі байқауды өткізіп, жаз мезгіліне дайындалуда. Былтырғы бірінші қазаннан жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінен бөлініп шығып, тікелей жүк тасымалы дирекциясының құрамына өткен Маңғыстау вагон депосында өзгерістер аз емес.

Былтыр депо директоры Майлыбай Камалов зейнетке кетіп, орнына бас инженер Ерболат Сәулебав тағайындалды. Түбек теміржолында қарапайым жұмысшыдан бастап, депоға қарасты бірнеше ТҚКП-де еңбек етіп, бас инженер болғанға дейін түрлі қызмет сатысынан өткен білікті маман. Сол секілді директордың орынбасары, бас инженері де жергілікті теміржолда шыңдалған жастар. Демек, бүгінде депо басшылығы жастардың қолында. Депода өткен жылы жылу жолдары жаңартылып, кейбір ғимараттарда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның есебінен еңбек жағдайы жақсарып, қыс бойы жұмысшылар жылы орында жайлы жұмыс істеді.  

Депо басшылығының мәліметіне сүйенсек, былтыр 450 метрдей жылу трассасы жаңартылған. Техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жұмысшылардың жуынатын орындарында жылу батареялары жаңартылған. Сондықтан жұмысшылар қыс бойы бұрынғыдай есік-терезені қымтамай, бөлмені желдетіп, жайлы орында отырып жұмысын жалғастырған.  

Сонымен қатар өткен жылы вагон қараушылар мен операторлардың құрамы толыққан. Бейнеу станциясында жолаушылар және жүк тасымалының артуына байланысты станцияға қосымша «Б» паркі ашылғандықтан вагондарға қызмет көрсету саласын да соған сай ыңғайланып қайта құрылған. Жаңадан вагон қараушылар мен оператор, шеберлер жұмысқа алынған. Яғни, былтырдан бері Бейнеу ТҚКП төрт оператор мен сегіз вагон қараушы және бір шебермен толыққан.

 – Қазір көктемгі комиссиялық байқау жүріп жатыр. Бізде ол алтыншы сәуірден басталды. Тексерістерге шыққанда нысандарымыз бен техникалық құралдарымыздың кем-кетігін түгендеп, жазға дайындықпен қатар, келесі қысқа қажеттіліктер бойынша жоғары басшылыққа тиісті хабарлама жібереміз. Осы қыста техникалық құрал-жабдықтарымыздың бәрі штатты режимде жұмыс істеді. Енді бізге домкраттарды, Бейнеудегі Узотты жаңарту қажет. Крандарымыз жаңа, – деген Маңғыстау вагон пайдалану депосының директоры Ерболат Сәулебаев былтыр депоның Шетпедегі ғимараты толықтай ағымдық жөндеуден өткенін, мұндай жұмыс биыл тағы бірнеше нысанға жоспарланып отырғанын жеткізді.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді