Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті

Аймақтар
28.04.2026, 08:45
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Маңғыстаулық теміржолшылар жұмыс барысында аяқасты болған апат салдарынан өмірден өткен тепловоз машинисінің көмекшісі Нұрболат Жасановты еске алып, турнир ұйымдастырды.

Бір минуттық үнсіздікпен Нұрболаттың рухына құрмет көрсетуден басталған спорттық сайысты Маңғыстау локомотив депосының ұжымы жылда өткізеді. Әріптестерінің есімін ұлықтап, небәрі 24 жасында өмірден өткен теміржолшы туралы естелік айтып, еңбек ұжымына жаңа қосылып жатқан жастарға таныстырылады.  

– Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай және өзінің қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан тепловоз машинисінің көмекшісі Нұрболат Жасановты еске алуға арналған жарысты биыл да ойдағыдай өткіздік. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы және кәсіподақ комитеті оның есімін елеусіз қалдырған емес. Үнемі жүрегімізде. Осындай іс-шаралар арқылы өзгелерге де таныстырып, рухына құран бағыштап, қимастықпен еске аламыз.  

Бұл жолғы жарысқа төрт команда қатысты. Жеңімпаздар кубок, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрге айналған турнир жылдар өтсе де жалғаса береді, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ комитеті төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов.  

Нұрболат Жасанов Маңғыстау локомотив депосында 2011 жылы машинист көмекшісі болып жұмысын бастаған. 2013 жылы Сайөтес – Маңғыстау учаскесінің Тамақ пикетінде, күзетпесіз теміржол өткелінде жүк пойызына мұнай тиелген автокөліктің соқтығысуы салдарынан болған алапат өрттен оқиға орнында қаза тапқан. Алматыдағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітіріп, жолдамамен түбек теміржолына келген ол небәрі 24 жасында осылай өмірден өткен еді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады