Ардагерлер кеңесі өтті

Аймақтар
22.05.2026, 09:05
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда түбек теміржолы ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда кеңестің жұмысы жайында айтылып, түбек теміржолының кешегісі мен бүгіні сөз болды.

Кеңес жұмысына теміржол мекемелері басшылары, кәсіподақ ұйымы өкілдері қатысты. Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Үсен Имашев кеңес тарапынан іске асырылып жатқан игі шараларды атап, кейбір қолбайлау тұстарды бірлесіп шешуге шақырды. Мекеме басшылары болса, ардагерлер жұмысына қолдау білдіріп, бірлесе жұмысты жандандыратындарын айтты. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директоры Ерназар Ізтұрғанов ардагер теміржолшылардың түбек теміржолының өркендеуі жолында сіңірген еңбегі ұмытылмайтынын айтты. Ол мерейтойлық жасқа жеткен зейнеткерлерді құттықтап, 70, 80 жасқа толған ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.  

Марапатталғандардың қай-қайсысы да кезінде бар күш-жігерін осы салаға сарқи жүріп, өмірін темір жолмен байланыстырған жандар. Соның бірі – Маңғыстау түбегіне Мақаттан және Маңғыстау бағытынан тартылған қос жолдың қосылған кездегі тірі куәгері Ази Байпақов. Жол шаруашылығында еңбек еткен ол бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Құрметті теміржолшы, Бейнеу ауданының Құрметті азаматы. Ази ақсақал өткен күндерді еске алып, қазіргі жетістіктерге қуанып отыратынын жеткізді. Ал кеңес төрағасы Үсен Имашев, Ұжымдық шартқа сәйкес жетпіс, сексен, тоқсан жасқа келген ардагерлерге атаулы көмектің берілуін қадағалап, тыл ардагерлерінің жағдайынан да хабар алып отыратынын жеткізді.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды