Түйіспелі кеңесте талқыланды

Аймақтар
30.05.2019, 11:40
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппараты өкілдерінің қатысуымен түйіспелі кеңес болып өтті. Аталмыш басқосуға сондай-ақ, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Илецк ЖТ бөлімшелері мен «Досжан теміржолы» АҚ басшылары да келген болатын.

Жиында кіріспе сөз алған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев Семей теміржолына техникалық мінездеме беріп өтіп, қазіргі таңдағы салалық қызметіне шолу жасап өтті. Осыдан соң кезек пойыз қозғалысын қамтамасыз ету мен жүк айналымын арттыру бойынша бөлімшеаралық мәселелер жайын талқылауға берілді. Бұл ретте іргелес павлодарлық көршілердің семейлік әріптестеріне айтар уәжі бар екен.

Атап айтсақ, Павлодарда жасақталған ұзын жылжымалы құрамдарды Семей және Жаңа-Семей станцияларымен өткізу бойынша бірқатар мәселелер бірлесіп талқыланды. Нормативтік кесте бойынша бекітілген бұл қозғалыстың жиілігі мен вагон қараушыларының тексеруінен өтуі бойынша біршама проблемалар бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қос бөлімше аралығындағы ДегелеңАқсу телімі бойындағы Дегелең-Май қумажолына күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар реті талқыланды. Осынау орайда аталмыш телім бойына шығатын локо мотив бригадаларының санын қайта қарастыру ұсынылды.

Бірлесіп шешуді қажет ететін осы тәріздес мәселелер Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесі басшыларымен де талқыланды. Бұл ретте бірінші кезекте түйіспелі Шар станциясындағы пойыздарды дер кезінде алып кетпеу мәселесі қарастырылды. Соның себебінен жыл басынан бергі 4 ай ішінде 326 жүк пойызы жолдан кідірген. Сондай-ақ, түйіспелі кеңес барысында Ертіс үстінен өтетін теміржол көпірі бойынша жылдамдық пен салмақ мөлшерінің шектелуіне орай пойыздарды жасақтаудағы жаңашылдықтар да сарапталды. Сол тәрізді локомотив паркін қысқартып, тасымал үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бірлесіп атқарылуы тиіс шаралар реті қарастырылды. Бұл мәселенің әсіресе көмір тасымалы күшіне енер шақта Дегелеңге апаратын барлық бағыттар үшін маңыздылығы арта түсетіні белгілі.

Мұнымен қоса, Алматы ЖТ бөлімшесі бойынша да пойыздарды қабылдап алу, тапсыру мәселесі төңірегінде бірқатар тұшымды келіссөздер өрбіді. Соның ішінде әсіресе ҚХР-дан бағыт алған пойыздарды кідіртпеу жөнінде атқарылуы тиіс шаралар қатары ортақ әңгіме ауанына айналды. Мұның сыртында күнгейдегі бөлімшемен шектесетін Жүзағаш станциясындағы «тастанды» пойыздар жайы да сөз болды.

Басқосу соңында түйіспелі кеңестің ортақ қорытындысы жасалынып, шешім шығарылды. Оның аясында бірлесіп атқарылар шаралар легі анықталды. Атап айтсақ, «берік тармақ» бойынша пойыздар алмасуды ширату, ауыр салмақты жүк құрамдары локомотивтерін кедергісіз өткізу сынды бірқатар түйіткілді мәселелер жөнінде әріптестік тоқтам жасалынды.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды