Бұлан Семей теміржолшыларды әуреге салды

Аймақтар
10.06.2019, 12:00
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржол вокзалы аумағында бұрын-соңды тіркелмеген ерекше жайт орын алды. Негізінен ну орманды мекен ететін бұлан жергілікті теміржолшыларды біршама әуреге салды.

Түз тағысының рельс бойымен үркектеп, желе жортып келе жатқанын ең алдымен ПЧ-39 мекемесінің жолшылары байқап, тәртіп сақшылары мен орманшыларға хабар берген екен. Себебі, бұғы тұқымдастарға жататын, дене тұрқы ірі жануар станция басындағы қозғалысқа кедергі келтірген болатын. Алайда ешқандай құралсыз келген полиция мен аң шаруашылығының мамандары, теміржолшылар көмекке келсе де, бұланды ұстай алмады. Орғып секірген үркек аң вокзал алаңындағы ғимараттар арасына кіріп, әуре-сарсаңға салды. Осы маңайдағы «Транстелеком» АҚ Семей филиалына тиесілі байланыс кабельдерін үзіп, қызмет барысында біршама қолайсыздықтар да тудырды.

– Тағыны ұстау мүмкін болмады. Тіпті, терезені сындырып, жабық ғимараттың ішіне кіргенмен де, жанына жақындай алмадық. Бұл жабайы аң Қызыл кітапқа енгізілген, қорғауға алынған екен. Ауыр ентіккеніне қарағанда қала ішіне рельс бойымен я пойыздан үркіп кірген немесе браконьерлерден бас сауғалап келсе керек. Оқыс жағдай туындамағанмен, бұлан үзген кабельдерді жөндеуге шамамен 15-20 минут уақыт кетті. Жедел жеткен механиктерімізге бұл жұмыс қиындық тудырған жоқ, – дейді оқиға куәгері, «Транстелеком» АҚ Семей филиалының қорғау-түсіндіру жұмыстары бойынша инженері Данияр Мұратов.

Осылайша, түз тағысы ұстатпаған күйі рельс бойымен жөніне кете барыпты. Алайда, теміржолшылар ол жайында «жүк пойызынан кездейсоқ түсіп қалған екен» деген қауесетті жоққа шығарды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады