Семей теміржолшылары сақтыққа шақырды

Аймақтар
17.06.2019, 13:17
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолшылары теміржол өтпелеріндегі қауіпсіздік бойынша ерекше акция өткізді. Жол полициясының қатысуымен ұйымдастырылған профилактикалық шараға, әсіресе бөлімшеге қарасты жол дистанциялары белсенді қатысты.

Акция барысында бөлімше бойынша барлық теміржол өткелдері назарға алынып, ондағы жол-қозғалыс ережелерінің сақталу барысы қадағаланды. Бұл ретте жол полициясымен бірге арнайы рейдке шыққан теміржолшылар бірқатар ереже бұзушылықтарға да куә болды. Атап айтсақ, жол өтпесіне таяу арадан жолаушыларды түсірген қоғамдық көліктер мен жүргізушілер жол сақшылары тарапынан әкімшілік жазаға тартылды. Ал, теміржолшылар оларға жол өтпесінде ережелерді сақтау туралы арнайы жадынамалар таратты.

– Теміржол өтпелерінде шұғыл тежеу мен жарақат алу немесе түрлі қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін автокөлік жүргізушісі шлагбаум алдындағы жол қозғалысы ережелерін жатқа білуі тиіс. Біз таратқан жадынамаларда ережелердің барлығы жазылған, жүргізушілерден оны қатаң сақтау талап етіледі, – дейді ПЧ-39 бас инженері Мырзабек Керейбаев.

Сонымен қатар, жолшылар жол өтпесіндегі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған жүргізушілермен әңгімелесіп, олардың жауапкершілігі мен осынау аумақтарда туындаған апаттық жағдайлардың салдары жайлы да сөз қозғап үлгерді. Сондай-ақ, еліміз бойынша теміржол өтпелеріндегі қайғылы жағдайлар жайлы статистикалық мәліметтермен де бөлісті. Бұдан өзге жол өткелдеріндегі кезекшілердің жұмыс орындары, белгі беру құрылғылары да тексеруден өтті.

Әйткенмен, дәл осы акция аясында тосын жайт орын алған. Таңғы 4:30 шамасында қала ортасындағы күзетілетін теміржол өткелінде жеңіл көлікке мінген жастар өтіп бара жатқан тепловозға соғылған. Жеңіл жарақат алғандардың ішімдік ішкені анықталды. Олардан ендігі аралықта бүлінген тепловоз үшін сот арқылы шығын өндіріліп алынбақ.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Семей жол дистанциясы бойынша 37 жол өтпесі болса, оның қала ішіндегі төртеуі күзетіледі.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады