Қызметкерлер біліктілігіне сын

Аймақтар
24.07.2019, 12:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде «Станцияның сапалы техникалық өкім беру актісі – қауіпсіздікті қамтамасыз ету кепілі» атты тақырыбымен үшайлық өтіп жатыр. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – техникалық өкім беру актісін дұрыс құру арқылы қозғалыс саласындағы ақаулықтарға жол бермеу, қауіпсіздікке нұқсан келтіретін барлық жайттың алдын алу.

Үшайлық «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас инженері И.Костыряның №4208-И телеграфтық нұсқауына сәйкес қолға алынған болатын. Алдағы тамыз айының 15-не дейін өткізілетін акция барысын тиісті нормативтік құжаттамаларға сай өткізу мақсатында бөлімшенің бас инженері Самат Төлеповтің жетекшілігімен арнайы комиссия алқасы құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, үшайлық аясында өткізілуі тиіс жұмыс жоспары жасалып, белгіленген кесте бойынша іс-шаралар легі ұйымдастырылуда. Оның ішінде станция басшыларының және де олардың орынбасарлары мен техникалық өкім беру бойынша инженерлердің кәсіби білімдерін тексеруде де межелі шаралар қолға алынды. Ол үшін бөлімше басшыларының бекітуімен арнайы кесте әзірленіп бекітілген болатын. Соның аясында станциялар бойынша қозғалыс саласындағы орын алған ақаулықтардың салдары мен себептерін тереңінен талқылайтын жиындар мен тексерулер өткізілуде. Мәселен, белгіленген жұмыс кестесі бойын ша жуырда Шар, Шөптіқақ, Суықбұлақ станциялары бойынша үшайлық аясындағы атқарылып жатқан шараларды пысықтайтын тексерістер орын алды. Ал, осы аптаның дүйсенбісінен бастап Жарма мен Үшбиік станциялары қадағалауға алынатын болады. Сондай-ақ Дегелең – Жаңа-Семей телімі бойынша тексеру жұмыстары осы айдың соңы мен алдағы тамыз айының басына жоспарланған.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістіктехникалық бөлімінің басшысы Гүлнар Сейілханқызының жетекшілігімен арнайы басқосу болып өтті. Жиын барысында бөлім қызметкерлері аталмыш үшайлық аясында атқарылып жатқан шаралар легін пысықтап, жұмыстар барысын жүйеледі. Соның ішінде станция қызметкерлеріне жасалған ескертпелердің жойылуын қадағалауға алу мәселесі кеңінен сөз болды.

– Үшайлық шара бірінші кезекте станция басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби тұрғыдағы біліктіліктерін сынға салуда. Желі бойындағы жолайрықтары мен станцияларда үшайлыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы – хаттама, бұйрық, ісшаралар жоспары, түсініктемелер, қызметтік хаттар түріндегі құжаттар біздің тарапымыздан арнайы тіркеуге алынуда. Сондай-ақ, үшайлықты нұсқаулыққа сай жүргізу бағытында біздің бөлім тарапынан арнайы жоспар әзірленген болатын, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Сейілханқызы.

Мәжіліс барысында айтылып өткендей, алдағы отырыста станция басшыларының өткізілген үшайлық жайындағы есебі тыңдалатын болады. Жалпы, шара бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаевтың тікелей назарында тұр. 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты