Көмір тасымалы: экспорт динамикасы артуда

Аймақтар
29.07.2019, 09:27
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар жазғы маусымға жоспарланған көмір тасымалын көзделген межеден асыра орындауда. Биылғы жартыжылдық көрсеткіштің жоғары болуына ықпалын тигізген көмір тиеу мен тасымалдау ісі – алға қойған мақсаттың уақытынан бұрын орындалуына ықпал етіп, яғни аймақ халқын қатты отынмен дер кезінде және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету жүзеге аспақ.

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, шілде айының 22 күнгі көрсеткіш бойынша жоспарланған 4442 вагон қатты отынның орнына 5783 вагон тиеліп, жолға шығарылған екен. Бұл – межелі 306,5 тоннаның орнына 402,9 мың тонна жүк діттеген жеріне жеткізілді деген сөз. Егер пайыздық өлшемге салар болсақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 131,4% артық.

Қазіргі күні 1 класты Дегелең станциясынан тәулігіне ең кемі 350 вагон көмір тиелуде. Бұл көрсеткіш жоспар бойынша біртіндеп еселеніп өсіп, тәулігіне 420 вагонға дейін жеткізілетін болады.

– Айта кетерлігі сол, биылғы жазда экспортқа жөнелтілетін көмір динамикасы да біршама артып отыр. Нақты деректерге тоқталар болсақ, шілденің 20-на дейінгі жоспарланған 213 вагон, 14,7 мың тонна қатты отынның орнына 897 вагонды құрайтын 62,4 мың тонна көмір тиелініп, жолға шығарылған. Бұл дегеніміз жоспардың 425,1 пайызға артығымен орындалғанын көрсетеді, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің инженерлері.

Осынау дәйекті шаралардың аясында станциялар бойынша көмір тиеудің орташа айналымы да айтарлықтай артып отыр.

Қазіргі күні теміржолшылар ел шығысын көмірмен қамтуды бірінші орынға қоюда. Оның себебі, жуырда облыс әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ және Семей ЖТ бөлімшесі арасында өзара меморандум жасалған болатын. Соның аясында алдағы жылу беру маусымына ертерек даярланып, аймақтағы жылу беру көздерін көмір қорымен жеткілікті әрі үзіліссіз қамтамасыз ету шаралары межеге алынды.

Сондай-ақ, теміржолшылар «Қаражыра» АҚ басшылығымен және облыстағы өзге де көмір қабылдаушы клиенттермен келіссөздер жасап, жаз айларында, яғни, дәл қазіргі күндері көмір тасыма лын ұлғайту ісін жеделдетуде.

Бұл бағыт бойынша да жоспарлы шаралар артығымен жүзеге асырылып жатыр. Сәйкесінше, басты әріптес «Қаражыра» АҚ да жұмыс барысын ширата түсуде. Мысалы, шілде айының 22-не дейін көмір тиеу үшін берілген 6720 вагонның орнына 7457 вагонға өтінім беріпті. Сол тәрізді көмір қабылдайтын тұйық желілер мен жекелеген серіктестіктердің әзір болуы да жағдайға оң ықпал етіп отыр.

Ал көмір тасымалының бұлайша күрт қарқын алуының тағы бір себебін «Қаражыра» АҚ-ның еліміздегі жылу беру станцияларымен арнайы келісім-шарт жасасып, қатты отын жеткізу ісін күзгі мерзімнен жазғы маусымға біртіндеп ауысты руымен түсіндіруге болады. Бұл ретте жылу электр станцияларындағы көмір қоры алдағы тамыз айында толық жасалынуы тиіс.

Қорыта айтқанда, ішкі сұраныс үшін көмір тасымалы әлі артатын болады. Себебі, алдыңғы және өткен жылдары шағын қазандықтар мен кәсіпорындар көмірді жаппай күзде сатып ала бастағандықтан елді мекендердегі көмір тиейтін жерлерде тапшылық байқалып, ұзын-сонар кезек туындаған болатын. Биыл ондай жағдай қайталанбауы үшін алдын алу жұмыстары осы бастан қарқынмен атқарылып жатыр. Әкімдіктер әр мекеме мен жылу орталықтарының көмірді кестеге сай сатып алуын, жеткізілуін қатаң қадағалауға алған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады