Электр қуатына үнем

Аймақтар
28.09.2019, 12:10
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Семей электрмен қамту дистанциясы бойынша рационализаторлық ұсыныстар қатары жыл өткен сайын артып келеді.

Өндіріс барысындағы тиімділікті арттыру, соның ішінде электр қуатын үнемді жұмсау мен жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларын қалыптастыруды мақсат еткен дистанция өнертапқыштарының тың идеялары жоғары бағаланып, экономикалық тиімділікті де еселеуде. Өндіріске жаңашылдық енгізуде электромонтерлардың тәжірибеден өткен ұсыныстары Семей теміржолы бойынша елеулі үлес алады. Олардың рационализаторлық ұсыныс бойынша жоспарлы 5 жобасы толық орындалып, өнертапқыштардың бұл бес жаңалығы бүгінгі күндері өндіріске енгізілген. Мәселен, трансформаторлардағы май көлемін тексеретін майөлшегіш әйнекті ауыстырудағы тың тәсіл қазіргі күні бөлімше бойынша қолданысқа енгізілген десек, қателеспейміз. Сол тәрізді дөңестегі ЭЦ постыларының электрмен қамту сұлбасын өзгерту бойынша тиімділігі зор жаңашылдықтың да еңбек өнімділігін арттыратыны бүгінгі таңда іс жүзінде толық дәлелденді. Мұнымен қатар, өндіріс барысында БПЗ-401 заряды мен қоректендіру блогын пайдаланудың соны тәсілдерін ойлап тапқан мамандар да бар. Тоқтала кетсек, бұл жаңалықтардың ішіндегі экономикалық тиімділік ең кемі 20 мың теңгені құрайды.

Осынау жаңашылдықтардың авторлары негізінен Жаңа-Семей, Шар, Аягөз аудандық электр станцияларының электромонтерлары мен ұзақ жылдық еңбек өтілдері бар басшылар екен. 8 адамнан тұратын техникалық кеңестің қарауынан өтіп мақұлданған 7 өнертапқыштық ұсынысқа өткен жылы 84 175 теңгенің сыйақысы төленіпті.

Білікті басшы Нұрлан Әзімханов жетекшілік ететін дистанция үшін әсіресе өткен жыл мейлінше жемісті болыпты. Себебі, дистанцияға қарасты Аягөз, Шар, Семей, Защита, Серебрянск АЭС-тері бойынша рационализациялық шаралар бір-бірден артық орындалған.

Қазіргі күні де рационализаторлық ұсыныстар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Біліктілік разряды жоғары мамандар теміржол бойындағы трансформаторларды тазалау, изоляторлар мен желілерді ауыстыру бойынша өз жаңашылдықтарын тәжірибеден өткізіп жатыр. Мәселен, дистанциядағы жоғары вольтты желілермен жұмыс істеуге арнайы рұқсатнамасы бар санаулы мамандар қыстың күндері физикалық заңдылыққа сай қатты аяз салдарынан тартылған сымдармен жұмыс істеудің тиімділігін ұзақ жылдардан бері сарапқа салып келе жатыр. Осы орайда Семей аудандық электр станциясының директоры, Құрметті теміржолшы Серік Дәулетбаевтың өнегелі кеңесін басшылыққа алған аға механиктер көп ұзамай тың жаңалық ашамыз деген үмітте. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді