Қауіпсіздікке келер нұқсан жоқ

Аймақтар
11.10.2019, 08:12
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қыркүйектің 23 күні басталған кезекті күзгі комиссиялық бақылау жұмыстары өткен жұма күні аяқталды. Әуелгі кезекте Жүзағаш-Аягөз телімі, сондай-ақ Жарма-Шар-Жаңасемей телімдері сүзгіден өткізілсе, шалғай станциялар бойынша Дегелең-Жалпақ және Локоть-№41 жолайрығы бойында тексеру жұмыстары толықтай жүргізілді.

Шалғайдағы станцияларға қызметтік вагондармен жеткен комиссия мүшелері әр минутты босқа өткізбей, теміржол нысандары мен ғимараттарын, жергілікті сала қызметкерлерінің жұмыс ырғағын тексеріп шықты. Атап айтсақ, байланыс және жол шаруашылығы ревизорлары станцияның атшаптырым аумақты алып жатқан екі шетіндегі горловиналардан бастап мұқият тексеріп шықты.

Бірінші кезекте пысықталған шаралар қатарында рельс іргесіндегі электр жетектерінің қызметін және қысқа даярлығы болды. Сонымен қатар комиссия мүшелері ШЧ-30 және ШЧ-29 теміржолшыларынан сұрақ-жауап түрінде емтихан алып, кәсіби біліктіліктерін де сарапқа салды. Пойыз диспетчері мен жол диспетчерінің жол өткелдерімен байланысы да сынға алынды. Ал, жол шаруашылығы мамандары әдеттегіше рельс ауқымын өлшеп шығып, болттар мен бекітпелерге де тиянақты назар аударды. Осы орайда, жолшылар қауымы жаз бойғы атқарылған ауқымды шаралардың көп екендігін айтады. Әсіресе, Аягөз жол дистанциясына қарасты АягөзЖарма телімі аралығында күрделі жөндеу жүргізілген. Ревизорлар жаңадан салынған жол төсемін де қарап шықты. Қазіргі күні ағымдық және орташа жөндеу жұмыстары ауа райының қолайлылығына байланысты әлі де жүргізіліп жатыр. – Күзгі комиссиялық тексеру бары сында анықталған кемшіліктер саны анағұрлым аз. Себебі, осының алдында ғана Бас ревизорлық құрамның қатысуымен арнайы тексеру жүріп өткен болатын. Дегенмен, орын алған кінәраттарға байланысты ескерту бердік. Белгілі күндер ішінде толықтай жойылуы тиіс, – дейді Сайлау Юсупов бастаған Семей ЖТ бөлімшесінің шаруашылық ревизорлары. Желі бойындағы жолшылар жұмысын пысықтау барысында жауапты мамандармен бірге бөлімше басшылары да болып, теміржолшылармен, оның ішінде бригадирлермен және жол шеберлерімен жүзбе-жүз әңгіме өткізді. Сол тәрізді күзгі сын барысында станция қызметкерлері жетік білуі міндетті саналатын нормативтік құжаттамалармен жұмыс та басты назарға алынды. Бұл ретте ревизорлармен бірге бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары станциялар басшыларының қызметтік журналды толтыру, жоспарлы шараларды орындау барысындағы жұмыстарын кеңінен пысықтады. Күзгі тексеруде локомотив шаруашылығы бойынша ТЧЭ-25 пен ТЧЭ-24 және Дегелең станциясындағы ТД-18, Шардағы ТД-17 мекемелері де толықтай тексеруден өтті. Тепловоздардың алдағы қысқа әзірлігі мен станциялар басындағы маневрлік қозғалыс барысы сынға түсті. Комиссия мүшелері қатарында еңбекті қорғау инженерлері, қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты басшылар мен өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар да қызу тексеру жүргізді. Бұл ретте анықталған жайттар – барлық теміржол нысандары алдағы қысқа толықтай даяр. Көпшілік мекемелер қатты отын қорын уақытында түсіріп, жылу маусымын бастап та жіберген. Қатардағы теміржолшылар тарапынан да өтініштер мен арыз-шағым түспепті. Күзгі сын Семей және ЖаңаСемей станцияларында мәреге жетіп, өткен жұма күні толық аяқталды. Жалпы, күзгі комиссиялық бақылау жұмыстарының қорытындысы мен нәтижелері таяу күндері бөлімшеде өтетін тораптық жиын барысында ортақ талқыға түседі деп жоспарланып отыр.   

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты