Қыстан қысылмайды

Аймақтар
19.11.2019, 11:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы іргелі мекеме Аягөз жол дистанциясы биылғы жылы еңбек жағдайын жақсарту мен санитарлық-сауықтыру сынды шараларды ұйымдастыруда іргелі табыстарға жетті. Сондықтан, аягөздік жолшылар алдағы қыстан еш алаңсыз, сақадай сай дайындықпен келді.

Жол шаруашылығында алар үлесі зор Аягөз жол дистанциясы (ПЧ42) басшылығы еңбек жағдайын жақсартуға ағымдағы жылға бөлінген қаражатты толықтай игеріп, жолшылар игілігіне жаратуда. Мәселен, биылғы 9 ай ішінде 5 542 мың теңге орнымен жұмсалып, соның нәтижесінде қызметтік өткелдер мен қажетті құрылғылар толық жөндеуден өткізілген. Оның ішінде жол шаруашылығына қажетті құралсаймандар салатын стеллаждар жасау мен домкрат, газ баллондары мен рельс арқылы қажетті құрылғыларды тасымалдайтын тележкалар алынған.

Сол тәрізді жол шеберлерінің ұсынысымен Ақтоғай-Аягөз-Жарма телімдері аралығында қауіпсіздік белгілері бастан-аяқ жаңартылған. Станциялар басындағы маневрлік тепловоздарға да ескертпе белгілер ілініпті. Бұған қоса, желі бойына іргелес жылыну үйшіктері мен жолшылар қосындарының қауіпті тұстары қоршалып, күрделі жөндеуден өткізіліпті.

Бұл бағытта жолшылар қауымы жаз мезгілінде жұмыс жүргізіп, қысқа даярлық қамын жасап алған болатын.

– Осы шаралармен қатар, электрлі құрылғылар қауіпсіздік талаптарына сай қайта жабдықталды. Өрт қаупін азайту мақсатында көпшілік нысандардағы кабельдер қайта ауыстырылған. Соның аясында автобудкалар мен желі бойындағы жылыну пункттері, қоймалардағы электр желілері тексеруден өткізіліп, әрленіп, сырланды. Мұны да жолшылар қауымы өз күштерімен жүргізіп, межелі мерзім ішінде аяқтап шықты. Бөлінген қаржы 100 пайыз игерілді, – дейді Аягөздегі ПЧ-42 еңбекті қорғау жетекші инженері Еркін Кенжеғұлов.

Қыс мезгілі қатал сынаққа толы Шығыс өңірінде жолшылар үшін жол техникаларының қажеттілігі орасан. Сол себептен де, жүргізілген жұмыстардың сыртында қысқы уақытта жұмыс істейтін жол машиналары жылытылып, санитарлық нормаларға сай жөндеуден өткізілген. Атап айтсақ, ауыр типті машиналар мен дрезиналар, тракторлар кабиналары қатал қысқа күні бұрын толықтай әзірленді. Айта кетерлігі, осыған дейін аягөздік жолшылар қауымын қысқы мерзімдегі арнайы киіммен қамтуда біршама проблема туындап келген болатын. Биылғы жылы ол кемшіліктер түбегейлі жойылған. Жылы костюмдерден – 200, құлақшын – 115, таза теріден тігілген жылы етіктерден 75 жұп және жүз жұп пима алыныпты. Мұнымен қоса, жылы плащ пен х/б костюмдерден 300 бірлік жеткізілген. Жылдағыдан бір өзгешелік – сигналды жилеттен биыл мол көлемде келіп, оған қосымша медициналық аптечка да алынған.

– Қазіргі күні қысты алғаш рет желі бойында өткізетін мамандармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Дистанциядағы 12 адамға №235 бұйрыққа сай тәжірибелі мамандар бекітіліп берілді, – дейді ПЧ-42 мекемесінің басшылығы.

Байқағанымыздай, жұмыс орнын дағы қолайлылық арттырылып, еңбек жағдайы жақсартылған соң жолшылар қауымының да қызметке құлшынысы жоғарылап, көңіл күйлері көтерілген. Табиғаты аса қатаң аймақ саналатын Аягөз өңірінде қысқы мезгілде тосын жайттар аз болмайды. Ондайда алдыңғы шепте жолшылар қауымы жүретіні белгілі. Десек те, қызмет барысын оңтайлы ұйымдастыру нәтижесінде болса керек, биылғы жылы оқыс жағдай, өндірістік жарақат алу сынды фактілерге жол берілмепті.

Мамандардың айтуынша, қалың түскен қармен алғашқы аязға қарамастан жергілікті сала қызметкерлері жағдайды тұрақты өткізуде. Алаңдатарлық жағдай туындаған жоқ. Қозғалыс барысы кедергісіз. «Қыс шанаңды жаз сайла!» демекші, мұның барлығы жаз бойғы жүргізілген қатал маусымға даярлық шараларының оң нәтижесі екені сөзсіз. Ең бастысы, қыстан қысылмайды.   

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды