24 сағат жұмыс орнында

Аймақтар
04.05.2020, 20:07
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері алғашқы тоқсанда орта тәулікпен 60 вагон ағымдағы жөндеуден шығады екен.

Осынау тәулік бойы тіршілігі толассыз жүріп жататын вагон қарау пунктінде бүгінде 48 теміржолшы еңбек етеді. Төтенше жағдай мен қалаға енгізілген карантинге қарамастан олардың барлығы да өз орындарында жұмыстарын ауысыммен жалғастыруда.

Аталған қызмет көрсету орталығының әкімшілік ғимараты мен вагон жөндейтін цехта күн сайын санитарлық-дезинфекциялық талапқа сай жұмыстар жүргізіліп отырады. Кіреберіске орнатылған антисептик дозаторы мен маскалық режимдегі жұмысшылар тазалық пен тәртіпті өздері үшін де қатаң ұстануда.

«Қазіргі кезде жолаушылар пойызы тоқтап қалды ғой, жүріп тұрған кезде Түркістан-Шиелі бағытынан күніне 6-7 пойыз қабылдайтынбыз. Ал жүк пойыздарына тоқталсақ, Түркістан-Шиелі бағытынан күндігіне 10 пойыздан, ал айына 320 жүк пойызын өткіземіз. Ол жақтан да қайтадан 325 пойыз қабылдап аламыз. Жалпы, Түркістан станциясынан тәулігіне 11 мың вагонды қарап, тексеріп шығамыз. Станцияда 21 кіреберіс жол бар. Сол жерден қаншама вагондар келеді. Соның барлығының аман келіп, аман кетуі басты назарда. Біз тәулігіне 24 сағат жұмыс орнындамыз», – дейді вагондарды тексеруші-жөндеуші Нұрхан Сыздықов.

Вагондарға техникалық қызмет көрсету мен ақау анықтауда Илмат Маханов, Жақып Арапов, Әбдімомын Нұрханов, Бердіхан Байжекеев, Арипжан Байметов сынды вагоншылар шеберлігімен ерекшеленеді екен. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады