Бірталай кемшілік анықталды

Аймақтар
04.06.2020, 16:46
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Шымкент жол дистанциясында жүргізілген көктемгі байқау жол шаруашылығына қатысты бірталай кемшілікті анықтады.

Комиссиялық байқау барысында жер төсемі, жасанды құрылыстар, жол құрылғылары, өндірістік-техникалық ғимараттар, жол алқаптары, еңбекті қорғау жағдайы егжей-тегжей қаралды.

Жол шаруашылығының орнықты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын дәстүрлі шараға орай үш комиссия құрылып, жұмыс істеді.

Дистанция бастығы Н.Бастаровтың төрағалығымен құрылған бірінші комиссия 1, 4, 6, 14, 15 жол айналымдарын тексеріп шықты.

Екінші комиссияға дистанция бастығының орынбасары Д.Бахиев жетекшілік етіп, бұл топ 2, 8, 9, 10, 12 жол айналымдарын қарады. Үшінші комиссияны дистанция бас инженері міндетін атқарушы Н.Жарылқапов басқарып, 3, 5, 7, 11, 13 жол айналымдары мен 16,17,18,19 цехтардың жұмыстары тексерілді.

Комиссия мүшелері жолдың үстіңгі құрылыс материалдарының жинақталуын, жол алқаптарын, өндірістік-техникалық ғимараттарды жинақы қалыпқа келтіру шараларын, түйіспесіз жолы бар учаскелердегі температуралық режимнің үстіңгі интервалы шегінде температураға сәйкес дұрыс қатырылуын, қажет жерлерде рельс иіндерінде температуралық кернеуді азайту жұмыстарын тексерді. Тексеру барысында бірінші комиссия негізгі бас жолдардан 118,6 км, станция жолдарынан 48,3 км, бағыттама бұрмалардан 170 жиынтықты тексерді.

Екінші комиссия негізгі бас жолдардан – 124,5 км, станциялық жолдар – 57,7 км, бағыттама бұрмалардан – 169 жиынтық, ал үшінші комиссия негізгі бас жолдардан – 129,9 км, станция жолдарынан – 52,4 км, бағыттама бұрмалардан 184 жиынтықты қарады. Барлығы 4301 кемшілік анықталды.

Бұл қандай кемшіліктер дегенге келсек, жол шаруашылығына қатысты кем-кетіктер: тыйым салынған бағыттамалы бұрмалар мен жолдардан табылған кемшілік, негізгі бас жолдар мен станция жолдарының жарамсыз ағаш және темірбетон шпалдарының саны да көбейіп кеткен, жолдың ығысуы, босауы, балластың жетіспеушілігі, рельс табанындағы жарамсыз резиналық төсемдер, рельс төсеніші астындағы жарамсыз резиналық төсемдер, жарамсыз ағаш шпалдар, белдіктер, шпал астының құрғақ лайы тазаланбауы, кей жерлерде жол түзету жұмыстары, түйіспе саңылауларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілмеген.

Бұл кемшіліктердің бәрі айналымдардың жол шеберлері мен жол бригадирлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандығынан жіберіліп отыр деген қорытынды жасалып, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Комиссиялық тексеру барысында табылған кемшіліктерді уақытылы жоюға іс-шара және күнтізбелік жұмыс жоспары жасалынды.

Мәселен, 12 мамыр күні табылған 4301 кемшіліктің 2562-сі дереу жойылды, бұл 59 пайызды құрайды. Сондай-ақ, табылған кемшіліктерді жоюға қажетті материалдардың тізімі жасалып, жоғары басшылыққа жолданды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады