Шымкентте байқау кезінде анықталған ақаулықтар жойылып жатыр

Аймақтар
12.06.2020, 11:06
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол дистанциясы бойынша кешегі өткен көктемгі комиссиялық байқау кезінде анықталған ақаулықтар жойылып жатыр. Олардың бірсыпырасы сол кездеақ, жедел түрде қалпына келтірілді, ал материалдық шығынды қажет ететін күрделі ақаулар мен кемшіліктерді жою бүгінгі таңда қарқынды жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, көктемгі тексеру кезінде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша 119 кемшілік жіберілгені анықталды. Негізгі табылған кемшіліктер күнделікті қолданатын құралсаймандарды жөндеу, балға, күрек саптарын ауыстыру сынды ұсақ-түйек кем-кетік болғанмен, өндірісте олардың бәрі талапқа сай болуы керек.

Сондықтан осы табылған 119 кемшіліктің 101-і тез арада жойылып, 85% орындалды. Дистанцияға қарасты жасанды құрылыстар мен жер төсемдері де тексеріліп, комиссия мүшелері 3 темір-көпір, 214 темір-бетон құбыр, 40 дана бетон құбыр мен 4 жаяу жүргіншілер көпірінен 114 кемшілік анықтады.

Табылған кемшіліктердің түрлері төмендегідей: 20 көпірден шпал астындағы шағылтастың нормадан артықтығы, 42 құбырдың жан-жағын шөптен тазалау, 36 құбырдың аузын тастан тазалау, 166 көпірдің ақаулы ағаш білеулері, 19 құбыр қабырғасының тоттануы, 4 көпірдің кері қабырғасын ұзарту, 34 көпірдің құбыр бастарын биіктету, тағысын тағы ұсақ-түйек кемшіліктер.

Осы аталған 114 ақаулықтың 58-і де жедел жойылып, яғни 51% орындалды. Сондай-ақ, дистанция мамандары комиссиялық тексеру кезінде 62 өндірістік ғимаратты да мұқият қарап шықты. Ғимараттардан да 18 кемшілік табылып, олардың қаржы керек қылмайтындары қалпына келтіріліп, 67% орындалған.

Өндірістік ғимараттардағы кемшілікті жоюға 15 текше метр тақтай ағаш, 80 кв м темір қаңылтыр, 15 орама руберойд, 200 кв м линолеум, терезе әйнегі 3 мм – 100 м3, мың дана кірпіш қажеттігі анықталды. Бүгінде қажетті материалдар келгені келгендей жұмыс жасалып, кем-кетік жойылып жатыр. Шымкент жол дистанциясында 12 ақаутапқыш арба жұмыс істейді.

Атап айқанда, ПОИСК-2 – 2 дана, РДМ-2 – 1 дана және РДМ-1 – 2 дана, АВИКОН-31 – 2 дана, РДМ-22 – 5 дана, РДМ-33 – 1 дана, Пеленг-102 – 1 дана, ал ПОИСК-1 консервацияда тұр. Комиссия мүшелері ақаутапқыш арбалардан да кемшілік тапты. Олардың техникалық мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін РДМ-22 түрлендіргіш блогынан – 5 дана, акуммулятор 20 амп – 5 дана, РДМ-22 орталықтандыру жүйесінен – 3 дана, тағы бірқатар материалдар қажеттігі атап өтілді.   

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады