Арыс вокзалы: кеше және бүгін

Аймақтар
16.06.2020, 06:57
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Былтыр 24 маусым күні Арыс қаласында таңғы сағат 9.20 шамасында №44859 әскери бөлімінде оқ-дәрі салдарынан жарылыс орын алып, бүкіл елді дүрліктіргенін қазақстандықтар ұмыта қойған жоқ. 

Соңғы жарылыс 25.06.2019 жылы сағат 12.50 тіркелді. Жарылыстың салдарынан Арыс қаласында тұрғын үйлер, ірі маңызды стратегиялық орындар, мемлекеттік ғимараттар, әлеуметтік және бизнес нысандарының есік-терезелері сынып, қирап қалған болатын. Кейбір үйлерге, ғимараттарға снарядтар түсіп, түгі қалмай жанып кеткендері де болды.

Соның ішінде Арыс қаласының ең маңызды, стратегиялық нысандары Арыс-1 және Арыс-2 вокзалдары да қатты зақымданған болатын. Арыс вокзалының басшысы Жасұлан Садықов қазіргі таңда вокзалдар жөндеу жұмыстарынан кейін қайта қалпына келіп, жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді.

«Былтыр Төтенше жағдайға сәйкес, арнайы комиссия құрылып, комиссия мүшелерінің шешімімен Арыс-1 вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» басшылығымен шілде айында басталып, 4 ай ішінде аяқтап, пайдалануға берілді. Ғасырдан асатын тарихы бар маңызды нысандар өздерінің архитектуралық үлгісін сақтай отырып жөнделді, бүгінгі таңда Арыс-1, Арыс-2 вокзалдары да карантиннен соң қайта ашылып жұмысқа кірісті», – деді вокзал басшысы Жасұлан Садықов.

Коронавирус індетіне қатысты теміржол байланысы тоқтап қалған болатын. Қазір қайта іске қосылған вокзалда карантинге қатысты барлық шаралар, тазалық сақтау ережелері, маскалық режим қатаң сақталған. Вокзалда 36 адам халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде Арыс-1 вокзалында - 24, Арыс-2 вокзалында 11 адам жұмыс істейді. Арыс-1 вокзалынан тәулігіне 6 жұп, яғни 12 пойыз қатынаса, Арыс-2 вокзалында 4 жұп, яғни 8 жолаушылар пойызы қатынауда. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады