Астық тасымалы қызып тұр

Аймақтар
26.09.2020, 10:01
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар «солтүстік тармақ» атап кеткен ұзындығы 119,7 шақырымды құрайтын Семей-Локоть телімінің бойындағы станциялардың жүк тиеуде елеулі айырмашылығы бар. Мұнда негізінен астық өнімдері тиеліп тасымалданады.

Күзде басталатын науқандық жұмыс көктемге дейін жалғасады.  

Бүгінгі күні тиелген астықтарды іргелі қалалардағы қамбаларға жөнелту бойынша жұмыс қыза бастады. Ауыл станциясы бойынша алғашқы астық тиелген вагондар өткен тамыз айында Семей қаласындағы элеваторларға жол тартқан болатын. Себебі, өңір диқандары шілде айынан бастап күздік қара бидайға орақ салған еді. 

Қазіргі күні де жергілікті серіктестіктер тарапынан жүк жөнелтуге байланысты өтінімдер көптеп түсуде. Бұл ретте, жабық контейнерлермен тасымалданатын сусымалы өнімдерді уақыт оздырмай дер кезінде діттеген жерге жеткізу міндеті күн тақырыбында тұр. 

Сондықтан да, станцияның тауар кассасы мен пойыз құрастырушылардың еңбегі аса қауырт. 

Мұндай жұмыстар Ауылға іргелес Белағаш станциясында және Шемонайха телімі бойынша да атқарылады. 

Мұнда тиелетін жүктер астық, бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар мен күнбағыс, қарақұмық, зығыр, соя, рапс сынды сақтау мен жеткізудің өзіндік тәртібі бар сұранысы аса жоғары тауарлар қатарын құрайды. 

Қазіргі таңда станция қызметкерлері күзгі комиссиялық байқау шараларына қарамастан жоспарлы межеден ауытқымай үлгеріммен еңбек етуде. Осы ретте көрсеткіш көлемі де еселеп өскен. Соңғы кезеңдегі көрсеткіш бойынша бір мезетте 15 вагонды жолға шығаруға мүмкіндік бар екендігі дәлелденді. Бүгінгі күні бір жөнелтілім бойынша 10 вагонға тапсырыс беріледі. Бұл көрсеткіштер күнбағысқа орақ түсетін алдағы қазан айында жоғарылауы мүмкін. 

Желі бойындағы станциялар бойынша, бүгінгі таңда басты әріптес «Шығыс-Астық» ЖШС кірме жолдарында қарбалас жоғары. Қырман төрінен астық қоймаларына, одан станция басына жеткізілетін ас атасы бидай белгіленген жерге қатаң күзетпен жөнелтіледі. Қазіргідей жауын-шашынсыз мерзім диқандарға да, теміржолшыларға да барынша қолайлы болып тұр. 

– Станция бойынша жүк тиеу мен жеткізуде кедергі жоқ. Жабық вагондар жеткілікті. Тапшылық туындаған жағдайда Семей станциясынан қосымша алдыра аламыз. 

Бұл тарапта өзекті мәселе жоқ. Осы айдың 25-ші жұлдызында өткізілетін күзгі комиссиялық байқау барысында астық тасымалындағы техникалық процестер де сарапқа салынады, – дейді Ауыл станциясының бастығы Ерғанат Төлебаев. 

Айта кетерлігі, шығыстың астығы мен бұршақ тұқымдас дәнді дақылдары – алыс-жақын шетелдерге экспортталатын өнім. Мәселен, станция бастығының айтуынша, Моңғолия республикасына осы өңірде өсірілетін рапс дақылын жөнелту жолға қойылған. Әсіресе майлы дақылдарға сұраныс жылдан жылға артуы себепті, тиелетін вагондар саны да көбейіп келеді. Атап айтсақ, күнбағыс – Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға және Қытайға, зығыр – Ресейге, Өзбекстанға, Австрияға, Бельгияға, Моңғолияға, Польшаға, ал рапс Ресейге, Австрияға, Иранға, Моңғолияға және Еуропа төріндегі Данияға экспортталады. 

– Алдағы уақытта да клиенттер тапсырысы арта түсетіні анық. Аймағымызда өндірілген ауылшаруашылық өнімдеріне алыс-жақын шетелдерден қызығушылар көп. Қазіргі күндері бөлімше бойынша ауылшаруашылығы дақылдарын сақтаушы, тасымалдаушы мекемелердің тізімдері әзірленген болатын. Сол бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Нақты көрсеткіштер қазан айының аяғында мәлім болады, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің жауапты мамандары. 

Аталған шаралар аясында аудандардағы серіктестіктер арасынан жылдағыдай автокөлік тасымалынан теміржол қызметіне ауысатындар саны артады деп күтілуде. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады