Кешенді шаралар толық жүзеге асты

Аймақтар
23.11.2020, 21:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары биылғы жылға жоспарланған шараларды жылдағы дәстүрге сай белгіленген мерзімнен бұрын аяқтады. Нәтижесінде жаңашыл технологиялардың қолданылу аясы кеңейіп, қызмет сапасы бұрынғыдан да біршама арта түсті. 

Биылғы жылға жасалынған кешенді жоспардың мезгілінен бұрын 100 пайыз орындалуы себебінен Ақтоғай станциясынан бастап, АягөзЖарма-Шар телімдері аралығында бірқатар жаңартылған қондырғылар қолданысқа беріліп, электромеханиктер еңбегі жеңілдей түсті. Мекеме басшысы Айдос Жұлдызбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы желі бойындағы байланыс құрылғыларын монтаждау жұмыстарына айрықша басымдық беріліпті. Соның аясында Аягөзге келіп түскен жарықдиодты шамдардың 29 жиынтығы және 43 бірлік аккумулятор толықтай ауыстырылып, талапқа сай етілген. Желі бойындағы техникалық құрылғыларды жаңалау мақсатында жүргізілген жұмыстар алдағы желтоқсан айына дейін толық аяқталады. Аталмыш шаралардың қатарында Ақтоғай, Аягөз және Шар станцияларындағы жаңадан орнатылған заманауи сандық қондырғылар мен МС-04DSL мультиплексорларының жұмысын қысқы мерзімге толықтай лайықтап, пысықтау да тұр. Оған көп уақыт кетпейді, дегенмен жаңа қондырғыларды әзірге сынақ мерзімінен өтуде деуге болады. 

Десек те, биылғы жылдың үлкен жаңалығы Таңсық станциясы мен Жарма станцияларындағы модульді станциялардың жаңартылуы болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жүргізілуде. Карантин жағдайына қарамастан биылғы жетістік үлкен. Ендігі арлықта теміржолшылар тұрғын үймен жапсарлас салынған ескі нысандарда отырмайды. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі де сейілген. 

Сол тәрізді осы жұмыстардың сыртында инженерлік-техникалық іс-шаралар да өз ретімен жүзеге асырылған.

Толаскездер аясында релелік шкафтар мен жарықдиодты модульдердегі линзалық жиынтықтар ауыстырылды. 

Әсіресе, СЦБ-С бойынша муфталардың жаңартылуы желі бойындағы жұмысты біршама жеңілдеткен. 

Кешенді шаралар аясында жүргізілген жаңарту жұмыстарының тиімділігі мол екеніне аягөздік байланысшылар айқын көз жеткізуде. Себебі, Тальго пойызы жүргенге дейін дистанцияда өткен ғасырдың орта шенінде шығарылған құрылғылар пайдаланылған болатын. Тіпті, Түрксіб дәуірінен келе жатқан нысандар мен құралдардың, әуе желілерінің жауын-шашын мен боранды күндері тиімсіздігі байқалатын. Ал осыған дейін Ақтоғайдан Шар станциялары аралығына орнатылған оптикалықталшықты кабельдер және МС-04 PCL сандық құрылғыларын қолдану жұмыстың жүйелі жүргізілуіне оң жағдай жасады. 

– Қазіргі таңда біздің мекемеміз бойынша ЭЦ құрылғылары мен аспаптарын ескірген ғимараттардан заманауи жаңа модульдерге ауыстыру ісі де сәтімен жүзеге асырылуда. Сол тәрізді 10 электропривод жаңартылды. Сонымен қатар, қумажолдар бойындағы КТСМ постылары жаңа модульдерге ауыстырылып, 8 нысан қалыпты қызмет көрсетуде, – дейді Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының жетекші инженері Алтай Қабылбаев. 

Қазіргі уақытта ШЧ-30 мамандары орталықтан жіберілген телеграммалар бойынша нұсқаулықтарды орындау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Басты талап – желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал, оның аясында алдағы жылға дәл биылғыдай кешенді жоспар қажет. Осы ретте желі бойындағы барлық аға механиктерден қажетті құрылғылар мен жаңарту мақсатындағы материалдардың, жабдықтардың тізімі жасалынып, қажетті қаражаттың көлемі есептелуде. 

Осы қажеттіліктердің барлығы арнайы сараптамадан өткен соң басшылық қарауына жіберілетін болады. Мұндағы басты мақсат қауіпсіздік шараларын күшейтуден бөлек теміржолшылар үшін қажетті жұмыс орнын жабдықтау, қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру үшін де қажет болып отыр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады