Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша күрделі жөндеу жүргізуліде

Аймақтар
18.06.2021, 11:15
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспары қомақты. Оның басым бөлігі, яғни 26,8 шақырымы Аягөз жол дистанциясына тиесілі болса, қалғаны Семей дистанциясының еншісінде екен. Қазіргі таңда бөлімше бойынша маусымдық жұмыстарға бірінші кезекте баса көңіл бөлінген. Аягөз жол дистанциясында биылғы жылы межеге алынған жұмыстар қазір қызып тұр. Бұл орайда теміржолшылар ағымдағы  жылға жоспарланған шараларды қарқынмен бастады. Басты міндет – жол сауықтыру, желі бойындағы бірқатар телімдерге күрделі жөндеу жүргізу. Қазіргі қолайлы ауа райы мен тыңғылықты даярлық, жол машиналары мен материалдардың уақытында жеткізілуі – құжат жүзіндегі есептелген сандардың нақты іспен көрініс табуына негіз болып тұр. Айта кетерлігі, Аягөздегі ПЧ-42 мекемесі үшін соңғы жылдардағы бір ерекшелік, Аягөз-Жарма телімі аралығындағы бірқатар қумажолдар бойынша күрделі жөндеу жүргізу болатын. Жаз басталысымен аталмыш участок бойына арнайы мамандар жіберіліп, жұмыс жасалатын аумақтар анықталып, белгіленген болатын. Осылайша, өзекті мәселеге тереңірек зерттеу жүргізіп, материалдық тұрғыдан қам жасалған соң ғана, жолшылар қауымы ауқымды шараға білек сыбана кіріскен. Бұл орайда қазіргі таңда Қарақойтас-16 жол айрығы және Үшбиік станциясы аралығында қауырт жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы көлемі 26,8 шақырымдық желі бойын темір-бетонды шпалдарға ауыстыру ісі көзделген мерзім ішінде белгіленген кестеден кешіктірілместен толық күрделі жөндеуден өткізілуде. Айта кетерлігі, бұл жолдың барлығы жаңа теміржол бунақтарын төсеу арқылы жаңадан түйіспесіз жолдарға ауыстырылуда. Оның нәтижесінде жолдың балдық сапасы да жақсарып, телімдік жылдамдық жоғарыламақ. Қазіргі күні Аягөздегі ПЧ-42 мекемесіне жаңадан шпалдар жеткізілуде. Ағымдық жөндеу жұмыстары барлық станциялар бойынша іркіліссіз жүргізіліп жатыр. – Жол машиналарынан тапшылық жоқ. Бірқатар кешенді жол жөндеуші техникалар жұмылдырылуда. Жолшылар бригадаларынан тұратын қол күші де жеткілікті. Ауа райының мейлінше қолайлылығы әрі қажетті материалдар уақытында жеткізілгендіктен кешеуілдеу орын алған жоқ, – дейді бұл орайда Семей магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов. Қазіргі күндері Аягөздегі ПЧ-42 мекемесіне Ақтоғай-Аягөз-Жарма аралығындағы 225 шақырымдық бас жол кіреді. Аталмыш телім бойындағы жұмыстың өзіндік ауыртпашылығы бар. Атап айтсақ, 225 бас жолдың тек жүз шақырымнан біраз астамы ғана темірбетонды түйіспесіз жол. Қалған бөлігінде әлі күнге дейін ағаш шпалдар қолданылады. Сол себептен де жол күтімі аса жоғары деңгейде болуы керек. Осыны міндет тұтқан аягөздік жолшылар байырғы Түрксіб жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Биылғы жылы жоспарлы шаралардың көлемді болуы соған дәлел болса керек-ті. Осы орайда ПЧ-42 мекемесі бойынша 27208 текше метр қиыршық тасқа өтінім берілген болатын. Бұған қоса қазіргі күнге дейін 25116 темірбетонды шпал жеткізілді. Нәтижесінде телім бойында қарбалас та арта түскен. Бүгінге дейін аягөздік жолшылар 26 толаскез өткізіпті. Бұл бөлімше бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр. – Жалпы, Аягөз жол дистанциясында 70 шақырымдық станциялық жолдар мен 219 бағыттамалы бұрмаларды да толық темірбетонға ауыстыру ісі кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осыған дейін Ақтоғай-Аягөз телімі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ендігі аралықта Аягөз бен Жарма аралығын барлық талапқа сай етудеміз, – дейді аягөздік жолшылар.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады