Оңтүстіктен батысқа мың тонна шөп жөнелтілді

Аймақтар
23.07.2021, 11:01
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан облысының тұрғындары мен еріктілері облыс әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысының шаруаларына көмек көрсетуді жалғастыруда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев батыс өңірлерге жем-шөпті жөнелтудің тегін логистикасы мәселелерін бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен Маңғыстау облысына 23 вагон шөп жөнелтілген болатын Бұдан бөлек, бүгін Сарыағаш қаласының теміржол станциясынан тағы 10 вагон мал азығы жөнелтілді. Қазіргі уақытта жергілікті еріктілер мен аграршылар Түркістан облысы әкімдігі мен ҚТЖ қолдауымен Маңғыстау және басқа да облыстарға қосымша 40 вагон жем-шөп жіберу жұмыстарын жүргізуде. Келісімдерге сәйкес мал азығын жеткізу жұмыстары тегін жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қажет болған жағдайда дайындалған жем-шөпті тасымалдау үшін 100 вагон ұсынуға дайын. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдар мен шабындықтар берілді. Айта кетейік, ағымдағы жылы құрғақшылық тек батыс өңірлерде ғана емес, Түркістан облысында да орын алды. Келес және Сарыағаш аудандарының шаруалары да жылдағыдай емес, шөп аз деп отыр. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Бірқатар аудандар қажетті жем-жөп мөлшерін толық жинап үлгерген.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады