Темір жол қауіпсіздігін сақтау үшін шымкенттік мамандар 5 өткел, 11 бейнебақылау орнатуды ұсынып отыр

Аймақтар
11.08.2021, 10:59
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Биыл пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент және Арыс жол дистанцияларында 22 км мал қоршауын жөндеу жоспарланған. Оның ішінде ПЧ-53 бойынша – 20 км, ПЧ-54 бойынша 2 км жоспарланған. Алайда мамандар теміржолды қанша жерден қоршағанмен, бұл шаралардың қажетті нәтиже бермей отырғанын жасырмайды. «Адамдар белгіленбеген жерлерден өтеді, жолға шығады, темір қоршауларды бұзып малын айдап өтіп, ұрлап кеткен жағдайлар да бар. Осыған орай, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша тұрақты тексеретін жұмыс тобы құрылып, қауіпсіздікті қатаңдатуға бағытталған іс-шаралар әзірленді. Барлық күзетілетін өткелдерге бақылау орнату үшін әкімдіктерге хаттар жазылып, сондай-ақ 4 өткелдегі «Сергек» бейнекамералары жолданды. ҚТЖ басшылығы атынан Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевке 5 жол өтпесін салу туралы хат жолданды және 11 өткелде бейнебақылау орнату керектігін ұсындық. Әкімдік хатты алды, бірақ әзірге жауап жоқ», – деді қауіпсіздік бөлімінің бастығы Нұрбақыт Байыров. Бұдан бөлек, қауіпсіздік бөлімі бастығының айтуынша, жол дистанцияларымен қауіпсіздікке қатысты келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына ҚР Кодексінің 559-бабы, 1-55-тармағы бойынша 885 үзінді көшірме таратылып, станцияларда 496 адамды қамти отырып, 23 жиналыс өткізілген. «Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбымен 673 оқушы таныстырылған. Сонымен қатар, 1543 мал иесіне теміржолға мал жаю және айдап өту ережелері таныстырылыпты. Темір жолға белгісіз заттарды тастап кету, қойып кету, мал жаю, жолдарда бөгде адамдардың жүруі, теміржол мүлкін ұрлауын болдырмау мақсатында теміржолшылар мен тәртіп сақшылары бірлесіп 10 рейд өткізген. МАИ қызметкерлерімен бірлесіп өтпелерде жол жүру ережелерін сақтауға қатысты 12 кешенді рейд жүргізіліп, 573 жүргізуші таныстырылған. Кәсіпорындарда 21 адамды қамти отырып, 3 түсіндіру жұмысы жүргізіліп, мал жаю ережелерін бұзушылар мен жүргізушілерге қатысты МАИ-ға 13 хат жолданған. «Енді бұрынғыдай жұмсақтықты қойып, біз де қатаң шараларды қолға аламыз, теміржолдағы ережеге көз жұма қарайтындармен күресті қатаңдатамыз», – дейді қауіпсіздік маманы.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды