ПЧ-40 жол дистанциясының жолшылары екі шақырымдық қоршау орнатты

Аймақтар
18.08.2021, 10:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа-Семей жол дистанциясында желі бойындағы жазғы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жыл басында құрылған жоспар аясында Семей мен Шар станциялары аралығындағы телімдер бойынша малдан қорғайтын қоршаулар тұрғызу биыл да жалғасуда. ПЧ-40 жол дистанциясының жолшылары қазіргі күнге дейін №1 жол айрығы мен Шөптіқақ станциясы аралығындағы 2 км желі бойына қоршау салып шығыпты. Меже бойынша алдағы қазан айына тағы 4 шақырымдай телім бойы толық қоршалмақ. Яғни, №4 жол айрығы мен Суықбұлақ, Делбегетей және №12 жол айрығы мен Қапанбұлақ станциялары аралығында жұмыс жүргізілетін болады.

– Бұл аумақтардың барлығы да жақын орналасқан шаруа қожалықтарының малы ауа жайылатын қауіпті жерлер. Жолға жиі шығып кететін ірі қарадан қорғанудың бірден-бір жолы әзірге осы қоршау тұрғызу болып тұр, – дейді бұл орайда Жаңа-Семей жол дистанциясының техникалық бөлімінің мамандары.

Өткен жылы 4,6 шақырым желі бойына жаңадан қоршаулар тұрғызылған еді. Яғни, жыл сайын ең кемі 4 немесе 5-6 шақырымдай қорғандар салынады екен. Жалпы саны, желінің қос қапталын алғанда, 60 шақырым аумақ толық қоршалған. Осылайша жыл өткен сайын желі бойындағы төрт түліктен төнер қауіп сейіліп келеді. Сәйкесінше, шұғыл тежелу оқиғалары да азайғаны байқалады. Биылғы жылы карантиндік шектеулер бойынша жергілікті мал бағатын шаруалармен кездесулер өткізуде кедергілер болып тұр. Әйтсе де, жуырда желіге жақын орналасқан Приречный ауылдық округінің малшы қауымымен жиын өткізіліп, ескертулер жасалыпты. Бұл шаралардың сыртында Шар, Жаңғызтөбе станцияларынан желілік полиция бөлімі қызметкерлері де айыппұл салып, хаттама толтырып, жұмыс- тар жүргізуде. Орган өкілдері жолшылармен тығыз байланысты. – Жазғы жол жөндеу жұмыстарымен бірге желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында да белгіленген жоспар аясында нақты іс-шаралар жүргізілуде. Соңғы жылдары кеңінен күш салынып жатыр. Соның нәтижесінде дистанция бойынша кемшіліктер мен тосын оқиғалар саны да азаюда, – дейді ПЧ-40 мекемесінің техникалық бөлімінің басшысы Ғафур Рахымбаев.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті