Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздардың жылдамдығын артыру басты меже

Аймақтар
20.08.2021, 13:21
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі алғашқы жарты жылда жүктердің сақталымын толық қамтамасыз еткен. Негізгі қызмет бойынша шығыстар жоспарында 14 млрд 216 млн 75 мың теңге қарастырылған. Ал бөлімше іс жүзінде 12 млрд 906 млн 429 мың теңгені игеріп, 1 млрд 309 млн 646 мың теңгені үнемдеген. Қажеттілікке сәйкес персоналды оқыту және біліктілігін арттыру да жоспарға сай орындалған. Жыл басынан бері оқу орталықтарында біліктілікті арттыру, қайта даярлау және даярлау курстарынан өткен қызметкерлердің жалпы саны 33 адам, сондай-ақ 44 қызметкер еңбекті қорғау, экологиялық қа- уіпсіздік, электр қауіпсіздігі, ИСМ, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қажеттiлiкке байланысты қызметкерлерді оқытып қана қоя салмай, оларды оқытудың жаңа әдістері мен нысандарын, оның ішінде іскерлік ойындарды пайдалана отырып, техникалық сабақтарды өткізудің сапасын жақсартуды ойластыруда. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» – Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Талғат Якуповтың айтуынша, жылдың екінші жартыжылдығында тасымалдау процесінің сапасын арттыру жөнінде бірнеше іс-шара қарастырылған. «Жүк тиеуде КТТ вагон паркінің үлесін 15%-дан астам арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін ұжым арасында еңбекақы төлеу, ұжымдық шарт пен Еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу, «тастанды» пойыздар санын 15%-ға дейін қысқарту көзделіп отыр. Алдағы уақытта Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың жүру жылдамдығын тәулігіне 1090 км дейін жеткізу де жоспарда бар. КТТ вагондарының тиеу үлесін арттыру үшін клиенттерді шақыра отырып, «КТТ» АҚ-ның қатысуымен ай сайын кеңестер өткізуді де жоспарға енгізіп отырмыз. Ал АСУ ЭДТ-да маневрлік локомотивтердің қозғалысы мен жұмыс уақытын тіркеу үшін ГПАИС-ке Шымкент станциясының «Кедентранссервис», «Вер Хаус» және «Санжар Сауда» үш кірме жолдарының географиялық координаттарын анықтау бойынша ақпарат берілген, одан әрі жоспарлы түрде қалған кірме жолдарға өткізіледі. Сондай-ақ, қағазсыз технологияны қамтамасыз ету үшін ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру мен алып кетудің автоматтандырылған ведомосын, ҚТЖ кез келген станциясында басып шығару мүмкіндігімен АСУ ДКР жүйесінде жалпы нысандағы және коммерциялық актілерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді техника бөлімінің басшысы Талғат Якупов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады