Алдағы жылу маусымына орай Семейде көмір тасымалы қарқынды жүріп жатыр

Аймақтар
24.08.2021, 10:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша тамыз айының екінші жартысынан бастап көмір тасымалы күрт өсті. Оған басты себеп, тапсырыс берушілер 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына қатты отынға қажеттіліктерін нақтылап, жаңа маусымға дайындықты бастап кетуі болып отыр. Сонымен қатар, көмір сатып алуға тендерлер жарияланып, өңірлік операторлар да айқындалған. Бұл шаралар теміржолшыларды да қа- уырт қимылға көшуге мәжбүрлеп отыр. Мәселен, қазіргі таңда ел шығысында халыққа көмір баға- сы мен маркаларын, сатылатын жерлер мен оларда көмірдің бар- жоғын түсіндіріп, тиісті ақпарат беріп отыратын арнайы «жедел желі» құрылуда. Яғни, көмірдің жеткізілімі мен сапасына қатысты тұрақты мониторинг жүргізіледі деген сөз.

– Жалпы, еліміз бойынша көмірді негізінен төрт көмір өндіруші ком- пания жеткізеді. Олардың нарықтық үлесі жеткізудің жалпы көлемінің 89%-на тең. Атап айтқанда, бұл көрсеткіштің ішінде «Шұбаркөл Көмір» АҚ үлесі – 28%, «Қаражыра» АҚ үлесі – 25%, «Майкубен-Вест» ЖШС үлесі – 25%, «Богатырь Көмір» ЖШС үлесі – 11%. Соның ішінде ұлттық компанияның басты әріптесі саналатын «Қаражыра» АҚ ел шығысын толық қамтиды. Бұл компания көмір тасымалын таяу жылдар аралығында 10 млн тоннаға жеткізуді жоспарлаған болатын. Яғни, теміржолшылар үшін де жүктеме артады, – дейді бұл орайда пікір білдірген бөлімшенің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімі мамандары.

Қазіргі таңда Қаражырадан көмір тиеу жоспар аясында жүйелі жүр- гізілуде. Бұл ретте теміржолшылар бір ғана Шығыстағы тұрмыстық-коммуналдық саланы 88 пайыз қатты отынмен қамтып отыр. Білім беру мекемелерінің даярлығы – 100 пайыз. Ал, Семей ЖТ бөлімшесі мамандарының есебінше, аймақтағы көмірдің бір жылу маусымына қажеттілігі – 3 900 000 тонна. Қазіргі таңда Дегелең станциясындағы тоқтаусыз техникалық процесс нәтижесінде бұл көрсеткіштің 97 пайызы даярланған. Жұмыстың бұлайша кең өріс алуына бір есептен облыс әкімдігінің жергілікті атқарушы билік өкілдерін, аудан, қала басшылығын «қамшылауы» да себеп болуда. Нәтижесінде, теміржолшылар қауымына да салмақ түсіп отыр. Ал, алдағы қыркүйек айының басында жеке тұрғындарға қажетті көмір барлық тұйық теміржол желілеріне үзіліссіз әрі толықтай жеткізілетін болады. Қазіргі күні Семейдегі 4 тұйық желіде көмір жылдам таусылатын болған. Қазіргі күні Дегелең станциясынан көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылуда. Жылжымалы құрамдардың барлығы да ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісі біршама күш салуды талап етеді екен. Бүгінде салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар әр қиырға жол тартуда. Күрт қарқын алған көмір тасымалына орай қазіргі күні бірқатар шаралар қолға алынған. Барлық жүк станцияларындағы маневрлік жұмыстар жеделдетілген түрде жүзеге асырылуда. Локомотив пен вагон тапшылығын болдырмау мәселесі де алдыңғы кезекке қойылуда. Бұл бағыттағы шаралар екінші жартыжылдықтың көрсеткіштерін еселейді деген болжам бар.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады