Жыл басынан бері 1 адам мерт болса да арыстықтар темір жолды кесіп өтуін қояр емес

Аймақтар
07.09.2021, 12:49
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жыл басынан бері бөгде адамдардың темір жол бойында жүруі салдарынан Арыс жол дистанциясында 5 рет шұғыл тежеу орын алып, бір кісі өлімі тіркелді. Жалпы, 2017 жылдан бері адам басу оқиғасы жеті рет тіркелген екен. Арыс жол дистанциясы Түркістан облысының бес ауданы арқылы өтетін темір жолды күнделікті күтіп ұстайды. Еліміздің оңтүстігі – халықтың тығыз орналасқан және жеке малды көп ұстайтын аймақ. Халқының негізгі күнкөрісі де осы теміржол мен қорадағы ірілі-ұсақ малы. Малды қысы-жазы қолда ұстау тиімсіз болғандықтан, көктем шығысымен өріске айдап қоя береді. Оңтүстіктің ауа райы жаз кезінде өте ыстық болғандықтан шөптер тез қурап кетеді. Сол кезде қараусыз жүрген төрт-түлік шөбі басылмаған теміржол мен автожол маңына қарай ойыса бастайды. Теміржолдағы қоршаулар әрі-бері өткен адамдардың салғырттығынан көбіне ашық қалады да қараусыз мал ішке еніп кетеді.

«Біз өз тарапымыздан тұрғындардан ары-бері өту- ге қалдырылған өтпелерді үнемі жауып жүрулерін сұраймыз әрі пойызға басылып жатқан мал да сол жергілікті тұрғындарға тиесілі болған соң жауапкершілікті талап етеміз. Сол малды бағып, төлін, сүтін, етін сатып күнкөріс жасап жүрген өздеріне малдан айырылып қалудың және пойызды тоқтатқаны немесе локомотивті зақымдағаны үшін төленетін айыппұлдың да өз қалталарына ауыр тиетінін үнемі ескертіп отырамыз. Ірі қара малдан бір айырылып, одан қала берсе темір жолға келген шығынды екі рет өтеп жатса, ол мал иесіне де оңай тимейді. Бірақ соны біле тұра ірі қара малды қараусыз қалдырып, өтпені ашық қалдырып кететіндерін түсіне алар емеспіз», – дейді Арыс дистанциясы бас инженерінің міндетін атқарушы Бақытжан Сарыпбеков.

Малдан бөлек, халық жиі қоныс тепкен елді мекендерде адамдардың пойыз астына түсіп қалу оқиғалары жиі орын алып жатады. Темір жолдан тек белгіленген жерлерден ғана өтуді қанша айтса да адамдардың құлақ аса бермейтіні өкінішті. Ал, мұндай салғырттықтың салдары адам өліміне әкеп соғатыны белгілі.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады