Жаңаөзендік теміржолшы садақ атудан жүлдегер атанды

Спорт
15.11.2022, 10:12
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаңаөзендік теміржолшы ұлттық спорт түрі – садақ атудан өткен облыстық жарыста жүлдегер атанды. Сайыс Маңғыстау станциясының орталығы Мұнайлы ауданының 15 жылдығына және Бекет атаның 272 жылдығына орай ұйымдастырылған еді.  

Ауқымды іс-шара Маңғыстау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» федерациясы мен облыс әкімдігінің қолдауымен, өңірдегі «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты ірі компаниялардың демеушілігімен өтті, жүлде қоры да қомақты болды. Садақ ату сайысында Жаңаөзен станциясы бастығының орынбасары Самал Зулпыхаров мергендігімен көзге түсті. Жүлделі үшінші орынды иемденген теміржолшы жігіт ауылына қанжығасы майланып, алғашқы жүлдесін арқалап қайтты. Садақ ату өнерін енді ғана меңгере бастаған Самал Зулпыхаров бұған дейін қазан айында өткен Қазақстан Республикасының бірінші чемпионатына қатысып, жүлде алмаса да тәп-тәуір тәжірибе жинаған.

– Биылдан бастап елімізде дәстүрлі садақ ату ұлттық спорт түріне енгізілді. Менің онымен айналысып бастағаныма көп бола қойған жоқ. Бұрыннан жақсы көздеуді білетінмін. Кезекті еңбек демалысымда Шымкент қаласына барғанмын. Сол жерде ақылы садақ ату орны да болып, қызығушылығым оянды. Кейін іздеп жүріп садақ атуға қажетті құрал-саймандарын сатып алып, ауылға оралғасын қаладағы үйірмесіне жазылдым. Содан бері жұмыстан босаған сәтте аптасына 2-3 күн барып, жаттығамын. Соның нәтижесінде ҚР бірінші чемпионатына қатыстым және ұйымдастырушылардың қатарында болдым. Бүгін, міне, 3-орын алып отырмын, – деп қуанышымен бөлісті Самал Зулпыхаров.  

Сонымен қатар ол армрестлингпен де шұғылданады екен. Осы жылы түбек теміржолшылары арасында өткен қол күресі жарысында екінші орыннан көрінген. Волейболға да ықыласы бөлек, Маңғыстау теміржолшылары құрама командасының мүшесі.  

Темір жолдағы еңбек жолын бекет кезекшісі болып бастап, соңғы алты жылда станция бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүр.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды