Теміржолшылар арасында футболдан тартысты турнир өтті

Спорт
30.05.2025, 08:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржолшылары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, жылдық жоспарға сай дәстүрлі шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл турнир жұмысшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайтуға жол ашты.

Жарыстың ашылу салтанатында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен спорт секторының өкілі Бақытжан Имбергенов қатысушыларды құттықтап, қызықты әрі тартысты ойын өткізуге шақырды. Олар жарыс ережелерімен таныстырып, фэйр-плей қағидаларын ұстануға үндеді.  

Ойын алаңына шыққан 8 команда – НОД, НЖС, ПЧ-57, ТЧЭ-34, ДС Қызылорда, ШЧ-39, ЭЧ-25 және ДС Белкөл өзара шеңберлі тәртіппен бақ сынасты. Әр сайыс жанкүйерлерге нағыз футбол эмоциясын сыйлады. Ұйымшылдық, тактикалық шеберлік пен командалық рух жарыстың негізгі арқауына айналды.  

Қызықты өткен сайыстардың қорытындысында жартылай финалға төрт мықты команда жолдама алды. 3-орынды Қызылорда жол дистанциясының «ПЧ-57» командасы еншіледі. Финалда барын салған «НЖС» құрамасы қарсыласынан бір қадам кейін қалып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал чемпион атанған – шебер тактикалық ойын өрнегімен ерекшеленген «ТЧЭ-34» командасы. Олар қарсыластарын қапы қалдырып, топ жарып шықты.  

– Бұл жолы марапаттар жекелей ойыншыларға емес, тек құрама командаларға табысталды. Бұл шешім командалық рухты одан әрі арттыруға бағытталған. Футбол – бұл тек ойын емес, ол тәртіп. Футбол алаңы – стратегия және бірлік мектебі. Теміржолшылардың алаңдағы тартысы ұжымдық рухтың сынағы, – деді спорт секторының жетекшісі Бақытжан Имбергенов.  

Жеңімпаз командаларға кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтары мен дипломдары табысталды. Мұндай спорттық шаралар тек жарыс қана емес, сонымен қатар теміржолшылар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті күшейтетін маңызды алаң екені анық.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды