Атырауда бильярдтан турнир өтті

Спорт
23.06.2025, 13:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау қаласындағы «Бомонд» бильярд клубында өлке теміржолшылары арасында бильярд ойнынан ҚТЖ ОК кәсіподақ төрағасы жүлдесіне арналған турнир өтті. Турнир салалық кәсіподақтың Атырау аймағы бойынша өкілдігі және спорт нұсқаушыларымен бірлесе ұйымдастырылып, оған Атырау жүк тасымалы және магистральды желі бөлімшелерінен бірнеше команда қатысты.  

Жарысқа қатысқан ойыншылар бильярд үстеліндегі шар тасын көздеп атып, тесік торға топ еткізіп түсіруге барын салды. Қол жүріп кетсе, допша домалап, ал кейде қанша тырыссаң да ырыққа көнбей кететін бұл ойынның сондай өзіндік ерекшелігі де бар. Мүлт кетсең, бағың тайып, барыңнан айрыласың. Шарды шарға ұрып дөп тигізсең, ұпайың көбейеді. Сондықтан да ойыншылардың шеберлігі сыналған бұл күні қапы кеткен де, нысанаға дәл атқан да сәттер болды.  

Ақырында, жүлделі 3-ші орынды НЖС-13 бөлімшесінің заңгері Бахтияр Боқаев, екінші орынды Атырау вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Бекзат Мыңғалиев, ал бірінші орынды Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Сәрсембіұлы Нұркен жеңіп алды. Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықпен, ал барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.  

Атырау жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, өңірде өтекен турнирде, 1-ші орынды иеленген Н.Сәрсембіұлы бильярдтан Алматы қаласында өтетін финалдық жарыста Атырау өңірінің намысын қорғайды.  

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%