Таразда теміржолшылар арасында бильярдтан турнир өтті

Спорт
24.11.2025, 11:41
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржолшылар кәсіподағы Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Имперья» клубында бильярдан турнир өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына орай өткізілген турнирге қатысушыларға сәттілік тілеген «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Мейрамбек Кенжебаев, кәсіподақ филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев спартакиада мен жарысты жиі ұйымдастырудың арқасында спортпен шұғылданушы теміржолшылардың саны артқанын атап өтті. Бильярд жарысының дәстүрі бойынша Мейрамбек Сермағанбетұлы «пирамиданы» жарып, тастаяқшылар жарысын бастап берді.

Турнирге «Жамбыл жүк тасымалы», «Жамбыл магистральдық желі бөлімшелері филиалдарына қарасты құрылымдардан жалпы сегіз жұп, он алты теміржолшы қатысты. Қарсыластар жеребе бойынша анықталып, бірінші айналымда әр жұп негізгі екі ойын қорытындысымен лузаға ең көп шар түсірген тастаяқшылар жартылай финалға шықты. 

Төрт жұп ойыншының мықтылары финалда турнирдің бәсін қыздырды. Нәтижесінде ЭЧ – 21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Темірхан Оралұлы жеңімпаз атанса, қарсыласына есе жіберген ПЧ – 52 жол дистанциясының есеп бөлімінің бастығы Қайсар Телеуов 2-орынды қанағат тұтты. Тараз станциясының маманы Нұрболат Сейілбек үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар  кәсіподақ филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Медальдар мен кубоктар, қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады