Семейде теміржолшылар арасында тұңғыш рет садақ ату турнирі өтті

Спорт
26.05.2026, 08:23
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымы арасында тұңғыш рет ұлттық спорттың садақ ату түрінен бөлімше біріншілігі болып өтті. Командалық есеп бойынша өткізілген іс-шараға желі бойынан жалпы саны сегіз мекеменің өкілдері қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды.

Садақ ату – соңғы уақыттарда семейліктер арасында жақсы дамып келе жатқан спорт түрі. Жас талғамайтын, артық физикалық даярлықты талап етпейтін осынау ұлттық өнерге теміржолшылар қауымының да мықтап ден қоя бастағаны аталмыш біріншілік барысында анық байқалды.

Әр команданың құрамында іріктелген үш мергеннен болды. Бұл ойынның да өзіндік ереже, талаптары бар. Әрбір бақ сынаушы мергенге бес байқап көру және тағы да бес мәрте қорытынды көздеу ұсынылды. Ал жалпы ұпай саны мергендер жинаған ұпай бойынша есептелді.  

Алғашқы біріншілік болғандықтан да абдырау болғанымен жалпы барлық ойыншылар шебер түрде өнер көрсетті. Осылайша ақтық сайыста тек үздіктер ғана мәреге жете алды. Атап айтсақ, бірінші орынды ӘТЖК Семей филиалының жігіттері жеңіп алды. Екінші орынға ВЧД-23 мекемесінің садақшылары тұрақтаса, жүлделі үшінші орынды ЭЧ-18 мекемесінің мергендері ие болды.  

Дәл осы ойынмен бірге өткізілген арқан тарту сайысында бас жүлдені ПЧ-39 жолшылары алса, екінші орынға ТЧЭ-24, үшінші орынға ӘТЖК Семей филиалының құрыш білекті жігіттері жайғасты.  

Бөлімше біріншілігінің соңында барша жеңімпаздар салалық кәсіподақ ұйымының тарапынан әзірленген қомақты ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен салтанатты түрде марапатталды.  

Садақ ату бойынша сайыстар өткізу алдағы уақыттарда да жоспарланып отыр. Ал бұл жолғы біріншілікте өнер көрсеткен үздіктер қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарда теміржолшылар атынан қатысатын болады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады