Шымкентте шағын футболдан турнир өтті

Спорт
28.05.2021, 13:49
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қазіргі кезде әлемдік пандемияға байланысты көптеген шараларды өткізу баяулап қалғаны рас. Дегенмен, шымкенттік теміржолшылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне мамыр айының ортасына белгіленген шағын футболдан турнир өткізді. Жарыс карантин шектеулерінің барлық ережелерін сақтай отырып жүргізілді. Ардагерін ардақтайтын ұрпақ барда ел қариялары жүз жасайды. Оларды тек мереке күндері ғана елеп-ескермей, барлық кезде құрмет тұтып, тағзым білдіру – бүгінгі ұрпақтың міндеті деп санайды Шымкент филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы, орталық кеңесінің мүшесі Нағима Салықбаева. Арыс қаласында өткен мини-футболға қатысушы командалар теңбіл допты сағынып қалғандарын көрсетті. Жарыс өте тартысты болып өтті. Сонымен қатар, олардың бойындағы спортқа деген құштарлық, жеңіске деген талпыныс, теміржолшылардың жүзіндегі достық көңіл-күй жарыстың көрігін қыздыра түсті. Сонымен, мини-футболдан өткен жарыста 1-орынды ШЧ-38, 2-орынды Сарыағаш станциясы, 3-орынды Арыс станциясы иеленді. Жарыс соңында Шымкент филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы, орталық кеңесінің мүшесі Нағима Әуезханқызы қатысушылар алдында сөз сөйлеп, оларға ардагерлер атынан алғыс білдіріп, лайықты сый-сияпаттарын табыс етіп, марапаттады.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап